Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

SENIM

«Kazakhmys» компаниялар тобында «SENIM сенім телефоны» жұмыс істейді, оның мақсаты – заңнама бұзушылықтарын уақтылы анықтау және алдын алу.

Неліктен бұл маңызды?

  •  «SENIM сенім телефоны» – бұл кері байланыс арнасы, ол арқылы компания қызметкерлері, серіктестер, контрагенттер және басқа да мүдделі тұлғалар бұзушылықтар немесе күмәнді жағдайлар туралы хабарлай алады, сондай-ақ өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсіндірме ала алады.
  • Құпиялылық пен анонимділікті қамтамасыз ету үшін барлық өтініштер комплаенс басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарды құқықтық сүйемелдеу бөліміне жолданады.
  • Біз тек ақпаратты қабылдап қана қоймаймыз — біз әрекет етеміз. Әрбір хабарлама қаралып, тиісті тексерулер жүргізіледі.

Маңыздысы: «SENIM сенім телефоны» қызметкерлерге немесе серіктестерге қысым көрсету құралы ретінде пайдаланылмайды. Оның мақсаты – қауіпсіз, адал және ашық жұмыс ортасын қалыптастыру.

WhatsApp Image 2026-04-07 at 13.38.25.jpeg 938.53 KB
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келесі арналар арқылы қабылданады:
– тегін «сенім телефоны» 8-800-080-8089
– WhatsApp/Telegram арқылы +77084362058 нөмірі және QR-код
– электрондық пошта: senim@kazakhmys.kz
– ішкі SEN порталы
– ресми электрондық мекенжай: official@kazakhmys.kz
3.1. QR1.jpg 34 KB