История

2018
2015
2014
2013
2012
2011
2010
2009
2008
2007
2006
2005
2004
2003
2002
2001
2000
1999
1998
1997
1996
1995
1994
1985
1980
1973
1971
1967
1966
1965
1964
1963
1960
1959
1958
1954
1949
1942
1941
1938
1937
1934
1929
1928
1913
1913

1913

1913
Жезқазған мыс кен орнында алғашқы ауқымды тау-кен жұмыстары және ағылшын Лесли Уркарт басқарған «Спасск акционерлік қоғамы» компаниясымен Сарысу кен байыту фабрикасында мыс кенін дайын өнімге қайта өңдеу басталды. Кәсіпорын 1920 жылдардағы Қазан төңкерісінен кейін мемлекет меншігіне айналдырылды.
1928

1928

1928
Академик Михаил Петрович Русаков Балқаш кешенінің негізіне айналған Қоңырат мыс кен орнын ашты.

Қазақстанның түсті металлургиясының тұңғышы. 18 қазанда Жезқазған кендерінен алғашқы қара мыс өндірілді.
1929

1929

1929
1927 жылы Қ.И.Сәтбаевтың «Қарсақпай ауданы және Жезқазғандағы кен орнын зерттеу мен барлаудың фундаменталдығы мен маңыздылығын дәлелдейді және 1929 жылы геологиялық барлау ғалымға толығымен тапсырылады.
Қ.И.Сәтбаев басқарған геологтар ұжымы 1931 жылдың соңына қарай Жезқазғанда геолкомның болжамынан бірнеше есе асып түсетін мыстың ірі қорларының бар екендігін дәлелдеді.
1934

1934

1934
Қонырат кеніші іске қосылды.
1937

1937

1937
Балқаш жылу электр орталығы (БЖЭО) пайдалануға берілді.
1938

1938

1938
1931 жылы сәуірде КСРО Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесінің «Цветметзолото» басқармасы Балқаш көлі ауданында пирометаллургиялық зауыт салу туралы шешім қабылдады.
1938 жылы 23 сәуірде Балқаш кен байыту фабрикасында алғашқы мыс концентраты берілді.
1938 жылы 24 қарашада Балқаш маңындағы кендерден алғашқы қара мыс алынды және мыс құйылды.

1938 жылы 10 ақпанда КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының № 50 бұйрығымен жаңа зауытты жобалауға дереу кірісу тапсырылды. Онда жаңа шахталармен, кен байыту фабрикаларымен, жаңа қаламен және мыс балқыту зауытымен Жезқазған комбинатын жобалау және салу көзделді. Комбинат және алғашқы 5 шахта мен карьер 1943 жылы жұмысын бастады, құрылыс 1958 жылы аяқталды.
1941

1941

1941
1941 жылғы 21 наурызда № 52 бұйрықпен «Карагандашахтострой» мемлекеттік тресі бойынша механикалық шеберханалар базасында жөндеу-прокаттау базасы (ЖПБ) ұйымдастырылды.
1948 жылы БХТ базасында Жөндеу-механикалық зауыты (ЖМЗ) құрылды.
1956 жылы ЖМЗ № 2 Қарағанды машина жасау зауыты (ҚМЗ) болып өзгертілді.
1966 жылғы наурызда ҚМЗ Тау-кен шахталық жабдықтарды жөндеу зауыты (ТКШЖЖЗ) болып өзгертілді.
1997 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды құю-машина жасау зауыты (КҚМЗ) болып өзгертілді.
1942

1942

1942
Ұлы Отан соғысы кезінде танк жасау өнеркәсібі үшін молибден өндірісін құру қажет болды. 1942 жылдың мамыр айынан бастап комбинат металл шығара бастады. 1942 жылы наурызда зауыт түсті прокаттың алғашқы өнімін берді. Соғыс жылдары КСРО-да танк құрышы үшін өндірілген әрбір 100 тонна молибденнің 60 тоннасы Балқаш мыс балқыту зауытына тиесілі болды.
1949

1949

1949
Қарағанды облысының облыстық атқару комитетінің шешімімен 1949 жылдың қыркүйегінде Қарағанды МАЭС-2 құрылысына жер бөлінді.
Электр станциясының бірінші кезегі 1962 жылғы 12 маусымда бірінші турбогенераторды іске қосу арқылы пайдалануға берілді.
Соңғы генератор 1968 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілді.
МАЭС-2 қуаты 100 МВт турбиналар орнатылған Қазақстандағы алғашқы электр станциясы болды.
1954

1954

1954
Жезқазған кен байыту фабрикасы-1 (ЖКБФ-1) пайдалануға берілді.
1958

1958

1958
ҚазКСР Қарағанды экономикалық әкімшілік ауданының халық шаруашылығы Кеңесінің өкімімен 16 шілдеде Жезқазған тау-кен металлургия комбинатын (ЖТКМК) құру бекітілді. Комбинат құрамына Жезқазған кен басқармасы, ЖМЗ, ҚМЗ кірді. Бірінші директор болып В.В.Гурба тағайындалды (1981 жылға дейін басқарды).

4 қазан күні Балқаш қаласында Оттегі өндіретін кəсіпорын іске қосылды.
1959

1959

1959
25 мамырда Балқаш тау-кен металлургия комбинатының Жобалау-конструкторлық бөлімі (БТКМК ЖКБ) құрылды.
1999 жылы Комбинаттың жобалау-конструкторлық орталығы болып өзгертілді.
2008 - 2012 жылдары Балқаш жобалау бөлімшесі ретінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас жобалау институтының құрамында болды.
2012 жылдан бастап жобалау орталығы ретінде «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС құрамына кірді.

1959 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қарағайлы кен байыту фабрикасын салу туралы шешім қабылданды.
1978 жылдан 1983 жылға дейін құрылыс кезеңінде кен өңдеу бойынша жылына 1,6 млн.тн құрайтын қуаттарды іске қосу жүзеге асырылды (жобалық қуаты жылына 2,0 млн.тн). 1978 жылы - фабриканы пайдалануға берудің бірінші кезегі 50%-ға орындалды.1982 жылы фабриканы пайдалануға берудің екінші кезегі 15%-ға орындалды.
Елдегі экономикалық жағдайға байланысты 1992 жылы зауыт тоқтатылды. 2004 жылы Қазақмыс оны қайта құру бойынша қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

Жезқазған жылу электр орталығы (ЖЖЭО) пайдалануға берілді.
1960

1960

1960
Тамыз айында Солтүстік Жезқазған кеніші пайдалануға берілді.
1963

1963

1963
Жезқазған кен байыту фабрикасы-2 (ЖКБФ-2) пайдалануға берілді.
1964

1964

1964
Шығыс Жезқазған кенішінің 55 шахтасы іске қосылды.
1965

1965

1965
Тамыз айында Оңтүстік Жезқазған кеніші іске қосылды.
1966

1966

1966
30 наурызда Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының №1 және №2 шахта ұңғылау басқармаларының базасында кеніштердің жерасты бөлігінің құрылысы бойынша бас мердігер болған Жезқазған шахта ұңғылау тресі ұйымдастырылды.
1967

1967

1967
Шығыс Жезқазған кенішінің 57 шахтасы іске қосылды.
1971

1971

1971
23 ақпан - Жезқазған мыс балқыту зауытындағы бірінші катодты мыстың берілген күні.

«Саяқ-1» карьері пайдалануға берілді. «Саяқ-1 учаскесі» жерасты кеніші ретінде 2001 жылдан бастап жұмыс істейді.
1973

1973

1973
«Саяқ-3» карьері пайдалануға берілді. «Саяқ-3 учаскесі» жерасты кеніші ретінде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.
1980

1980

1980
Қушоқы разрезінің Борлы барлау-пайдалану учаскесінің жұмыстары басталды. 1980 жылдың 1 сәуірінде осы учаске негізінде «Молодёжный» көмір разрезі құрылды.
1985

1985

1985
Жезқазған кен байыту фабрикасы–3 (ЖКБФ-3) пайдалануға берілді (24.06.2013 ж. бастап қызметі тоқтатылды).
1994

1994

1994
3 қарашада Жезқазған қаласында мыс созба сымын өндіретін «КАЗКАТ» зауытын іске қосу.
1995

1995

1995
«Жезқазғантүстімет» АҚ «Самсунг Дойчланд ГмБх» Оңтүстік Корея корпорациясының басқаруына тапсырылды. ҚР Үкіметінің бұл шешімі КСРО ыдырағаннан кейін қиын жағдайға тап болған комбинаттарды көтеру үшін инвесторларды, инвестицияларды және озық шетелдік тәжірибені тарту мақсатында қабылданды. Осы сәттен бастап «ЖТМ» АҚ бес жылға осы корпорацияның басқаруына өтті.

«Балқашмыс» Акционерлік Қоғамы құрылды.
1996

1996

1996
4 сәуір - «Балқашмыс» АҚ (Балқаш) мыс және кіреукесымдарын өндіретін цехының ресми ашылу күні.

24 мамырда «Жезқазғантүстімет» АҚ құрамындағы «Анненский» жаңа кеніші пайдалануға берілді.

Қыркүйек айында Жезқазған ЖЭО «Жезқазғантүстімет» АҚ құрамына кірді.
1997

1997

1997
7 ақпанда «Балқашмыс» АҚ (Балқаш ТКМК) «Самсунг Дойчланд ГмбХ» басқаруына берілді.

1 сәуірде Балқаш ТКМК құрамында асыл металл зауыты құрылды. Өнімді шығару 1997 жылдың қыркүйегінен басталды.

8 мамырда Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты (ШҚМХК) мен Жезкент КБК «Қазақмыс» корпорациясының сенімді басқаруына берілді.

11 шілдеде «Жезқазғантүстімет» АҚ «Қазақмыс корпорациясы» ашық тұрпатты акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

30 тамызда Балқаш мыс балқыту зауытының «Калдо» пеші іске қосылды. Алғашқы тауарлық күміс шығару – 1997 жылғы 05 қыркүйек, алғашқы тауарлық алтын шығару - 1997 жылғы 27 қараша.

Қыркүйекте МАЭС-2 (Топар қ.) және Балқаш ЖЭО «Қазақмыс» корпорациясының құрамына кірді.

Сонымен қатар қыркүйек айында «Қазақмыс» корпорациясы «Борлы» көмір кен орнын (Қарағанды облысы) сатып алды.

17 желтоқсанда Қазақмыс Отын-энергетикалық кешені (ОЭК) құрылды.

«Қазақмыс» корпорациясы «Жезказгангеология» ААҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алды.

«Қазақмыс» корпорациясының басқаруына Николаев және Артемьев (Шығыс Қазақстан облысы) кеніштері өтті.
1998

1998

1998
Шілде айында Солтүстік Жезқазған кенішінің Итауыз карьері іске қосылды.

Жыланды кен орындары тобының кендерін игере қазуының басталуы.
1999

1999

1999
26 маусымда «Қазақмыс корпорациясы» АТАҚ «Қазақмыс корпорациясы» ААҚ болып қайта аталды.

Бұрынғы Ертіс полиметалл комбинатының тау–кен кәсіпорындары - Белоусов кен байыту фабрикасы, Ертіс кеніші, Березовка кен байыту фабрикасы, Ертіс мыс қорыту зауыты (Шығыс Қазақстан Облысы) сатып алынды.

Маусым айында «ВостокКазмедь» филиалы құрылды, оның құрамына Белоусовка және Березовка кен байыту фабрикалары, Шығыс Қазақстан полиметалл кен орындары - Березовка, Ертіс, Юбилейно–Снегирихинское және Анисимов ключ кірді.

Саяқ кенішінде (Балқаш) жерастылық тәсілмен кенді игеру басталды.
2000

2000

2000
20 қаңтар - Шығыс Жезқазған кенішінің 73/75 шахтасының (ШЖК) жұмысын іске қосу.

Сәуірде Шығыс Қазақстан геологиялық барлау партиясы, «Жезказгангеология» ААҚ филиалы құрылды.

1 сәуірде Қарағанды құю зауыты (ҚҚЗ) өз жұмысын бастады.

30 маусымда Жезқазған кен байыту фабрикасында ксантогенат өндіру цехы іске қосылды.

Шілде айында Балқаш кен байыту фабрикасында қайта өңдеу, Шатыркөл кеніші іске қосылды (құрылысы 1999 жылы басталды).

Жезқазған құрама темірбетон бұйымдары зауыты Корпорацияға ауысты.

«Жаман-Айбат» кенішінің бірінші кезегін игеру (келешекте «Жомарт» кеніші болып қайта аталды).
2001

2001

2001
Солтүстік Жезқазған кенішінің (СЖК) Жартас карьері іске қосылды.

Корпорация Қарағанды құю-машина жасау зауытын (ҚҚМЗ) сатып алды.
2002

2002

2002
Шілде айында Балқаш мыс балқыту зауытында ауаны ауыр қатты бөлшектерден 98%-ға дейін және одан да жоғары тазалауға арналған құрғақ электрсүзгілері іске қосылды. Жаңғырту күкіртті ангидридті утилизациялау кешенін салу бойынша БКМК экологиялық бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.

22 қазанда Солтүстік Жезқазған кенішінің (СЖК) Қыпшақпай карьерінде жұмыстар басталды.

Сарыоба карьерінде аршу жұмыстарының басталуы.
2003

2003

2003
Қаңтар айында Жезқазған КБФ-на Сарыоба карьерінің кені келіп түсе бастады.

Наурыз айында Балқаш мыс балқыту зауытындағы №1 Ванюков пешінің (ВП-1) сұйық ваннасында балқыту технологиясы бойынша негізгі балқыту агрегатын қайта құру аяқталды.

28 шілдеде акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде «Қазақмыс корпорациясы» ААҚ «Қазақмыс корпорациясы» АҚ болып қайта аталды.

10 қыркүйекте Қарашошақ карьері (Жезқазған аймағы) іске қосылды.

27 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» АҚ құрамында құрылымдық бөлімше – «Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты» (ЖТКМК) құрылды, оған Жезқазған өнеркәсіптік алаңының кәсіпорындары кірді.

Нұрқазған (Қарағанды облысы) мыс шоғырланған кен орнын игерудің басталуы.
2004

2004

2004
21 ақпанда Балқаш мыс балқыту зауытында Ванюковтың сұйық ваннасында (ВП-2) балқыту технологиясы бойынша екінші балқыту агрегатын іске қосу.

15 шілде күні KCC International PLC тіркелді.

2 маусымда жаңа Абыз кенішіндегі (Қарағанды облысы) алғашқы кен шөміші көтерілді.

Степной кеніші (Жезқазған) пайдалануға берілді.

Нұрқазған кенішінің құрылысы.

Қарағайлы КБФ-да қалпына келтіру жұмыстары 1992 жылдан бастап ұзақ уақыт тоқтап тұрғаннан кейін басталды. Қалпына келтіру жобасын Қазақмыс корпорациясының жобалау институты жүзеге асырды.
2005

2005

2005
«Қазақмыс корпорациясы» АҚ атауы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС болып өзгертілді.

14 шілдеде Қазақмыс корпорациясының құрамында Ақбастау кеніші мен Құсмұрын кенішіне қосумен бірге Қарағайлы кен байыту фабрикасы мен Абыз кенішінің базасында «Қарағайлы тау-кен байыту комбинаты» құрылымдық бөлімшесі құрылды.

Сонымен қатар 14 шілдеде Жезкент тау-кен байыту комбинаты (ЖТКБК) құрылды.

Қазан айында Қазақмыс өз акцияларын Лондон қор биржасына орналастырған алғашқы қазақстандық компания болды. 2005 жылдың желтоқсанында компания Ұлыбританиядағы ең ірі листинг компанияларының тізіміне енгізілді - FTSE 100.

12 қазаңда Қарағайлы КБФ-да Абыз кен орнының мыс-пирит және мыс-мырыш кендерін өңдеу басталды.

Западный кеніші (Жезқазған аймағы) пайдалануға берілді.
2006

2006

2006
3 наурызда Жомарт кенішінде («Жаман-Айбат» кен орны) алғашқы кен алынды.

1 сәуірде Құсмұрын кенішінің алғашқы кен шөміші Қарағайлы КБФ-на тиелді.

Артемьев кенішінде (Шығыс Қазақстан облысы) кен өндіру басталды.

Қазақмыс Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал етуге бейілділігін көрсете отырып, Қазақстан қор биржасында акциялар саудасын бастады.

Қазаң айында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС - «Қарағандытүстімет» ӨБ құрылымдық бөлімшесі құрылды. Бөлімшеге ҚҚМЗ, ҚҚЗ, «Борлы» КД кірді.
2007

2007

2007
Ақбастау және Құсмұрын кендерін қосымша өңдеу үшін Қарағайлы КБФ-н қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Нұрқазған кен байыту фабрикасы (НКБФ) (Қарағанды облысы) пайдалануға берілді.
2008

2008

2008
6 маусымда Балқаш мыс балқыту зауытының күкірт қышқылы цехы (КҚЦ) пайдалануға берілді.

Жезқазған аймағында «Шығыс Сары-Оба» шахтасы іске қосылды.

Жезқазған аймағында Қарашошақты (карьердің тау-кен жұмыстары 2008 жылдан бастап, жерасты тау-кен жұмыстары 2016 жылдан бастап) іске қосу.
2009

2009

2009
15 қаңтарда Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауыттарын қамтитын Қазақмыс Металлургия кешені құрылды.

Нұрқазған кеніші пайдалануға берілді.
2010

2010

2010
Қазақмыс Қытай Даму Банкі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұсынған $4 млрд-тан астам несие желісін алуға келісім жасасты.
Қаражат өндірісті кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыруға, атап айтқанда, Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты негізгі жобалардың құрылысына бағытталған.

Қазақмыс компаниялар тобына құймаларда шығарылатын күміске «Good Delivery» (сенімді жеткізу) халықаралық мәртебесі берілді.
Мәртебе жоғары сапалы стандартты құймаларға, қымбат асыл металлдың жоғары сынамасына және беделді аккредиттелген өндірушінің таңбасына беріледі.

Жезқазған аймағында Қыпшақпай шахтасы пайдалануға берілді.
2011

2011

2011
Қазақмыс тобы «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» номинациясы бойынша Қазақстан қор биржасының үздік эмитенті болып танылды. Компания бұл құрметті марапатқа үшінші жыл қатарынан ие болды (2008-2011 жж.)

Азиядағы дамып келе жатқан қатысу стратегиясының бөлігі ретінде Гонконг Қор Биржасында екінші листингті аяқтау.

Директорлар кеңесі Бозшакөл кен орнын - өндіру масштабы бойынша да, көлемі бойынша да посткеңестік кеңістіктегі ірі тау-кен жобасын әзірлеуді бекітті.
2012

2012

2012
Ақтоғай кен орны бойынша жұмыстардың басталуы.

Наурыз айында әлемдік және корпоративтік стандарттарға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жобаның басталуы.

3 шілде әлемдік деңгейдегі ірі жоба - Бозшакөлдің ресми іске қосылу күні.

Металлургиялық кешен базасында құрылған «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС қызметінің басталуы. Құрамына Балқаш мыс балқыту зауыты, Жезқазған мыс балқыту зауыты, Казкат зауыты, мыс және кіреукесымдарын өндіру цехы, оттегі өндіру кәсіпорны кірді.

8 қарашада ЖТЭО, БТЭО және МАЭС-2 базасында жаңа заңды тұлға – «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС құрылды.
2013

2013

2013
9 қаңтарда 2007 жылдан бастап қолданыстағы «Қазақмыс сервис» ЖШС базасында «Kazakhmys Maintenance Services (Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз)» ЖШС құрылды.
2014

2014

2014
31 қазанда акционерлер мен реттеуші органдардың келісімімен «Қазақмыс» тобы екі компания болып қайта құрылды: жеке (көпшілікке жарияланбайтын) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және көпшілікке жарияланатын KAZ Minerals PLC.
Көпшілікке жарияланбайтын компанияға Қарағанды облысының кәсіпорындары мен объектілері және Шатыркөл кеніші кірді.
Жария компанияның артында Шығыс Қазақстан облысының жобалары жəне Қырғызстандағы кеніш қалды.

2014 жылдан бастап Қарағанды құю-машина жасау зауытында (ҚҚМЗ) станоктық паркті, өндірістік зертханаларды жаңғырту, SIEMENS компаниясының бағдарламалық өнімдері негізінде өндірісті даярлаудың бірыңғай конструкторлық-технологиялық жүйесін енгізу басталды, компьютерлер мен ұйымдастыру техникасы толық ауыстырылды.

Қайта құрудан кейін екі компания да тәуелсіз экономикалық қызмет жүргізеді. Негізгі өндірістік, коммерциялық және өндіру, бастапқы өңдеу, мыс қорыту сияқты өзге де процестерді қамтамасыз ету үшін тараптардың қазақстандық активтері арасында бірқатар ұзақ мерзімді және сервистік келісімдер жасалды.
2015

2015

2015
1 желтоқсанда Қарағанды құю-машина жасау зауытының (ҚҚМЗ) базасында құрылған «Maker (Мэйкер)» ЖШС кәсіпорнын жеке заңы тұлғаға бөлілді.

Желтоқсан айында Жезқазған кен орындарының селдір кендеріне гидрометаллургиялық өңдеу технологиясының өнеркәсіптік сынақтары (зертханалық жағдайларда) жүргізілді.
2018

2018

2018
1 ақпанда МАЭС-2 «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС құрамынан «Главная распределительная энергостанция Топар» ЖШС жеке заңды тұлғасына бөлінді.

Жезқазған жылу электр орталығын жаңғырту аясында №8 жаңа турбогенераторды іске қосу.

«Борлы» және «Молодежный» көмір разрезі базасында «Kazakhmys Coal» ЖШС құрылды.

«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында 10 жылдық үзілістен кейін екінші кен қыздыру пешінің (КҚП-2) жұмысын қайта бастады.