20 Ақп 2023

Қазақмыстық жұмысшылар Ұлытау облысының - чемпиондары!

2023 жылдың 18-і ақпанында Ұлытау облысы спортшылары арасындағы «ORTA CUP» волейбол турнирі өтті.

Облыстың аудандарынан қалаларынан келген 13 команда бақ сынасты. Сегіз қырлы бір сырлы қазақмыс жігіттері бұл жарыста топ жарды.

Жезқазған байыту фабрикасының жұмыскерлері тоспа доп Турнирінде үздік ойын өрнегін көрсете білді. Бұған дейін футболдан талай мәрте топ жарған фабрика спортшылары әуесқой спортшы болса да шеберліктері жеткілікті. «ORTA CUP» волейбол турнирі биыл алғаш ұйымдастырылып отырғанына қарамастан қатысушылар саны аз емес.

Жезқазған, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарынан келген командалармен қатар, қазақмыс спортшылары бақ сынады. Еңбекпен спортты қатар алып жүрген байыту фабрикасының жігіттері қарсыластарынан басым түсіп турнир жеңімпаздары атанды. Байытушы еңбек адамдары арасынан жасақталған екі команда турнирде 1-2 орындарға жайғасты. Жезқазған, Сәтбаев командалары 3 және 4 орындарға табан тіреді. Осылайша өндірісте жұмыс жасап жүрген жігіттер спортта да алда екендерін дәлелдеді. Қазақмыс спортшылары тек қана алға!

Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

19 Apr 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

18 Apr 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

14 Apr 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!