03 Сәу 2023

ГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ

Кәсіби мереке Геологтар күнінде геология саласында есімі құрметке ие маман – Юлия Килдеева туралы айтқанды жөн көрдік. Ол «Нұрқазған» кенішінің бас геологы болып жұмыс жасайды және оның бөлімінің жұмысы кен өндіру жұмыстары нақты қай жерде жүргізілетініне байланысты.

Image 2

Мектеп қабырғасында жүргенде  Юлия нақты ғылымдарда жақсы көрсеткіштер көрсетті. Математика және физика пәндерінен басымдылық жас қызға университетті таңдауда көмекші болды, осылайша 1996 жылы ол Қарағанды политехникалық институтына оқуға түсті. Өмірбойы кенші болып жұмыс істеген әкесі мамандықты таңдауға көмектесіп, Юлия Килдеева«Геологиялық түсірілім, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» мамандығынатүсті.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жас маман Оңтүстік Жезқазған кенішінде телім геологы болып жұмысқа орналасты, ал 2009 жылдан бастап «Нұрқазған» кенішінде еңбек етуде . Қазір Юлия Килдеева кеніштің бас геологы болып жұмыс істейді, оның қарамағында 26 маман жұмыс жасауда. Маманның айтуынша, оның кәсібінде ең бастысы – алынған деректерді барлау және талдау арқылы кен орнын алыс қашықтыққа алу үшін ең перспективалы  кен өндіру телімдері үшін  жұмыстарды анықтау.

– Бізбарлау жүргіземіз және пайдалану жұмыстарын сүйемелдейміз. Тау-кен жұмыстарынан бір-екі жылға озып, алдын-ала көкжиектерді тереңдікке барлаймыз. Деректер тау-кен қазбаларының орналасуын одан әрі жоспарлау үшін техникалық бөлімге жіберіледі, - деп түсіндіреді «Нұрқазған» кенішінің бас геологы.

Image 2

Юлия Килдеева геологтардан артық ешкім кеніштің қыр-сырын білмейді дейді. Оларға кен қорын барлауға кенді барлау мен деректерді талдаудың заманауи әдістері көмектеседі. Мәселен, 2013 жылдан бастап Қазақмыстың барлық кеніштерінде 3D-модельдеу енгізілді және барлық геологтар бейіндік бағдарламаларда жұмыс істеу мақсатында арайы оқыды. Сондай-ақ, мамандар үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, бұл кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер береді.

- Геологтар балғамен және компаспен далада жүрген кездер артта қалды. Өнеркәсіп, өндіріс және ғылым бір орында тұрмайды. Біз 2000 жылы жұмыс істеген әдістер 23 жыл ішінде түбегейлі өзгерді. Егер ол кезде күнделікті кен өндіру 1600 тоннаны құраса, қазір тәулігіне 12000 тонна кен бар. Біз кесіндерді қолмен салдық, сынамаларды қолмен шығардық. Бізқазір 3D модельдеумен айналысамыз және  жаңа модульдер қосылады. Мұның бәрін үйрену, игеру, дамыту қажет. Осының арқасында бізде қатып қалған тәртіп жоқ, өйткені геология бір орында тұрмайды, бәр іүнемі қозғалыста, - дейді Юлия Килдеева.

Image 2

Геолог жұмыстан бос уақытын өзінің отбасы мен ата-анасына арнайды. Оның жұбайы «Нұрқазған» кенішінде  жарушы болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда Юлия екі баланы тәрбиелеп отыр. Өз денсаулығын мұқият бақылайды, йогамен айналысады. Ал кешке кітап оқығанды ұнатады.

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады