05 Қыр 2023

Шеберлер мектебі: өндіріс көшбасшыларын дамыту

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұйымдық даму және персоналды басқару Дирекциясы іске асыратын «Шеберлер мектебі» корпоративтік даму бағдарламасы өз жолын табысты жалғастыруда. Бағдарламаға Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлерінің байыту өндірістерінің мамандары жұмылдырылған.

Image 2

Шебер өндірістік кәсіпорынды басқарудағы маңызды буын болып табылады. Ол күн сайын белгіленген жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу, ұжымның үйлесімді жұмысын ұйымдастыру және өнімнің лайықты сапасын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындайды.

Шеберлер- жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Шеберлер мектебі» бағдарламасында модульдік оқытудан өтіп, заманауи жоғары тиімді басшының қызметінің негіздеріне дәйекті түрде енеді.

Бағдарламаның екінші модулі басшылық пен көшбасшылық мәселелеріне арналды. Қатысушылар нақты өндірістік жағдайлар мысалында көшбасшылық әлеуетін ашуға бағытталды. Бағдарлама теориялық білім алуға да, жеке және топтық жұмыс арқылы дағдыларды іс жүзінде белсенді қолдануға бағытталған. Тренинг-тәжірибелі жаттықтырушы Сергей Литтидің басшылығымен өтті.

Image 2

«Шеберлер Мектебі» бағдарламасына қатысушылардың бірі Әлібек Кәрібаев 15 жылдан бері  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қарағайлы байыту фабрикасында жұмыс істейді. Еңбек жолын жөндеуші-слесарь лауазымынан бастаған ол ұсатқыш, экспедитор, ұсақтау бөлімінің шебері болып жұмыс істеді. Қазір Әлібек Кәрібаев жөндеу учаскесінің шебері. Қызметкердің айтуынша, «шеберлер мектебінде» оқу кезінде ол өзінің күнделікті жұмысында қолданатын үлкен білім алды.

«Бізге дұрыс жоспарлауды, процестерді басқаруды және қызметкерлерді ынталандыруды үйретті, көшбасшылық туралы әртүрлі көзқарастармен бөлісті. Қазір біз күнделікті іс-әрекетіміз мен басқарудың ең жақсы тәжірибелерін «тоғыстыруға» тырысамыз. Бұған әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісетін практикалық топтық жұмыс көмектеседі. Жалпы, бағдарлама өте жақсы және қажет. Біз болашақта да оқудан өтуіміз керек», - дейді Әлібек Кәрібаев.

Қыркүйек айында «Персоналды дамыту және ынталандыру» үшінші модулінің басталуы жоспарланған, онда қатысушылар тәлімгерлік, кері байланыс дағдыларын қалыптастыру және қызметкерлерді ынталандыру құралдарын қолдану бойынша жұмыс істеуі керек. Оқытудың маңызды аспектісі- басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай білу болады.

Новости по теме

Новости по теме

16 Jul 2024

Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік кешен іске қосылды

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты

03 Jul 2024

Қазақстандық ғалымдар ТМК үшін жаңа әзірлемелерін ұсынды

28 Jun 2024

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ТМД халықаралық сыйлығын жеңіп алды

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ