01 Мам 2023

Құрметті «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлері және қатысушы өңірлердің тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз көпұлтты компаниямыздың әртүрлі халықтар мен этностар достығының үлгісі екенін мақтан тұтамыз. Біздің компанияда ұлттық, жыныстық немесе діни белгілер бойынша бөліну жоқ. Өйткені, Қазақмыстың басты құндылығы-өз отбасыларының игілігі үшін, компания мен елдің өркендеуі үшін еңбек ететін адамдар.

Қазақмыстың әлеуметтік бағдарлануы компанияға біздің қызметкерлеріміздің проблемаларына жақын болуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда компанияда зиянды еңбек жағдайларына тартылған тау-кен секторының қызметкерлері үшін регрессиялық төлемдер және зейнеткерлік жасты төмендету бойынша екі жаңа әлеуметтік бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарламаларды іске қосу жақын арада жоспарланған.

«Қазақмыс» Тобының жетістігі әрқашан да біздің әрбір қызметкеріміздің табысына тәуелді болды және солай бола бермек. Шынында да, біз тек бірлесіп қана мықты және бәсекеге қабілетті компания құрып, ортақ үйіміз – Қазақстанның дамуына үлес қоса аламыз.

Құрметті қазақмысшылар! Халық бірлігі күні бізге - жоғары нәтижелерге тек бірлескен күш-жігермен қол жеткізуге болатындығын еске салады. Жан-жақты қолдауды сезініп, бейбіт көпұлтты елде бақытты өмір сүруді тілейміз!

Ізгі тілектермен,

«Қазақмыс» компаниялар тобының

директорлар кеңесі

Новости по теме

Новости по теме

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды

15 Jun 2024

ЖБФ үздік қызметкерлерін қалай құттықтады

15 Jun 2024

Ғалымдар кенді байытудың инновациялық әдістерін ұсынды

06 Jun 2024

Нұрахмет Нуриев министр Қанат Шарлапаевқа «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметі туралы айтып берді

05 Jun 2024

«Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері Владимир Жұманбаевты халықаралық іздеуге жариялау туралы