14 Шіл 2023

Қонаев қаласында жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасы өз мәресіне жетті

2023 жылғы 13 шілдеде Алматы облысындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасының салтанатты жабылу шарасы өтті.

Шараның ұйымдастырушылары «Kazakhmys Barlau» ЖШС және «Жас геолог» Корпоративтік қоры. Сондай-ақ жобаға ҚР Индустрия және инфрақүрылымдық даму министрлігінің геология комитеті, Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys Корпорациясы, «ERG» ЖШС және «Kazzinc» ЖШС қолдау көрсетті.

Олимпиадаға Қазақстанның барлық түкпірінендегі 9-11 сынып оқушыларынан құралған 200-дей бала қатысты. Олар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, геологиялық бағыт, шлих сынамасы, қауіпсіздік техникалары және дала аялдамасын ұйымдастыру сынды геологияның түрлі дисциплинасы бойынша білімдерін сынады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шахтинск, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Орал, Шымкент, Қызылорда, Рудный, Сәтпаев, Талдықорған, Өскемен және Индер аударынан (Атырау облысы) 16 команда қатысты.

I Республикалық дала олимпиадасының нәтижесі:

🥇орын – «Сармат» командасы, Орал қаласы

🥈орын – «Геобайт» командасы, Қостанай қаласы

🥉орын – «Сарыарқа» командасы, Қарағанды қаласы

Білім сайысының салтанатты жабылу салтанатына «Жас геолог» Корпоративтік қорының Төрағасы Ғалым Нұржанов, ҚР Индустрия және инфрақүрылымдық даму министрлігі геология комитетінің Төрағасы Ерлан Ақбаров, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандыков, «ERG Exploration» ЖШС Бас директоры Азамат Шалабаев және «Жас геолог» корпоративті қорының директоры Жанат Исмаилова қатысып, оқушылар мен шараға ат слысқан барлық мамандарды құтттықтап, алғыстарын білдірді.

Ал жарыстың судьялары ретінде Satbayev University жетекші профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары және «Qazaq Geophysics» пен ERG корпорацияларының тәжірибелі қызметкерлері төрешілік етті.

Олимпиаданың жекелей сындары бойынша жеңімпаздарына Satbayev University (Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті), ҚБТУ (Қазахстан-Британ техникалық университеті) және Сафи Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің геологиялық мамандықтрына 9 грант бөлінді. Атап айтқанда:

Satbayev University-ге грант ұтып алғандар:

🏆 Рамазанова Фариза, Астана, «Альтаир» командасы

🏆Малянин Даниил, Қостанай, «Геобайт» командасы

🏆Юстус Дмитрий, Қостанай, «Геобайт» командасы

ҚБТУ грантын жеңіп алғандар:

🏆Айтбай Анар, Астана, «Альтаир» командасы

🏆Оспан Аян, Астана, «Альтаир» командасы

🏆Аманжол Диас, Қарағанды, «Сарыарқа» командасы

Сафи Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне грант ұтып алғандар:

🏆Талғатұлы Ерболат, Атырау облысы, «Индерборит» командасы

🏆Гайдар Мақсат, Атырау облысы, «Индерборит» командасы

🏆Кенжеғали Жұбанышбек, Атырау облысы, «Индерборит» командасы

Аталған Жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен өкілдері аталған гранттарды өз қолдарымен табыстады.

«Ерте жастан мамандықты таңдау және жастар арасындағы геологиялық қозғалысты қолдау еліміздегі геология саласының кадрлық проблемаларын шешуге зор үлес қосар еді. Оқушыларға осы ғылымды зерттеп, өз қабілеттерін жетілдіруге көмек берсек, олардың мүмкіндіктері кеңейеді. Жас геологтар олимпиадасы талантты тәлімгерлерді анықтап, келешек сала мамандарын өсіруге жол ашады. ЖОО, кәсіпорындар және мемлекекеттік мекемелер арасындағы ықпалдастық арнайы кәсіби дайындық программаларын дайындауға жол ашады»,- дейді шараның ұйымдастырушылары.

Жас геологтарға келешекте кәсіби табыстар, ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер тілейміз!

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды

15 Jun 2024

ЖБФ үздік қызметкерлерін қалай құттықтады

15 Jun 2024

Ғалымдар кенді байытудың инновациялық әдістерін ұсынды

06 Jun 2024

Нұрахмет Нуриев министр Қанат Шарлапаевқа «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметі туралы айтып берді

05 Jun 2024

«Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері Владимир Жұманбаевты халықаралық іздеуге жариялау туралы