02 Сәу 2023

Құрметті Қазақмыс геологиялық бағытының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – геологтар күнімен құттықтаймыз!

Геологтар, геофизиктер, геодезистер, гидрогеологтар, геомеханиктер, геотехниктер: сіздер - жер қойнауының байлығын іздеушілер мен зерттеушілерсіздер.   Барлық тау-кен кәсіпорындарының жағдайы және өркендеуі сіздердің қызметтеріңіздің сәттілігіне байланысты. Бүгінгі таңда геологтар мен геофизиктер жоғары дәлдіктегі барлау әдістерімен және заманауи жаңартылған жабдықтармен қамтылған. Сіздердің жоғары қабілеттеріңіз бен ұшқыр ақылдарыңыз бірлесіп керемет нәтиже береді.

Сіздерге сапалы жұмыстарыңызбен  кәсіби көзқарастарыңыз үшін алғыс айтамыз. Жаңа мыс кен орындарын ашу арқылы сіздер Қазақмысқа болашаққа бастама бересіздер. Үлкен шикізат базасы – халықты жұмыспен, ал мемлекетті жоғары сапалы мыс өнімдерімен қамтамасыз етудің тағы бір мүмкіндігі.

Сіздерге жаңа ашылымдар, бай кен орындары, керемет көңіл-күй, зор өмірлік күш пен қуат, сіздерге және сіздердің жақындарыңызға денсаулық пен өркендеу тілейміз!

Директорлар кеңесі

«Kazakhmys Holding» ЖШС

(Қазақмыс Холдингі)»

Новости по теме

Новости по теме

19 Apr 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

18 Apr 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

14 Apr 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!