18 Мау 2023

«Қазақмыс» Сәтбаев қаласына суармалы су беруді қайта бастау туралы шешім қабылдады

Сәтбаев қаласы әкімдігінің («Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС) «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС алдындағы 1,8 млрд теңге сомасында қалыптасқан берешегіне байланысты ағымдағы жылдың 12 маусымында Сәтбаев қаласына суармалы су беруді шектеу жөнінде мәжбүрлі шешім қабылданды.

Осы мәселені реттеу мақсатында «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС мен «Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС арасында берешекті өтеу кестесі жасалды, алайда 18 маусымдағы жағдай бойынша борыш өтелмей, төлемдер кестесі орындалмады.

Сонымен қатар, Ұлытау өңіріндегі ауа райы жағдайларын (қалыптан тыс жылу) ескере отырып, бүгін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығының шешімі бойынша Сәтбаев қаласына суармалы суды қосу қайта жанданды.

Компания басшылығы қала әкімдігі мен «Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС қысқа мерзімде «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС алдындағы берешекті өтеу бойынша жедел шаралар қабылдайтынына сенім білдіреді.

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады