22 Ақп 2023

Балқаш КВН командасы "Маусымашар-2023" гала-концертінде өнер көрсетті

«Балқаш» КВН командасы Қазақмыстың қолдауымен «Маусымашар-2023» республикалық фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті.

Image 2

Фестиваль 2023 жылғы «Жайдарман» ойын маусымын ашты. Жыл сайын «Жайдарман» Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас өнерпаздардан құралған жүздеген команда жинайды. Бұл жолы «Маусымашар-2023» фестивалінде 240 команда өнер көрсетті. Гала-концерт осы фестивальдің қорытындысы болды, онда үздік 14 команда іріктелді. Олардың арасында республикалық Астана Лигасына өткен балқаштықтар да болды.

Айта кету керек, «Балқаш» командасында қатысушылардың бірі - Арсен Ербол – Балқаш Жөндеу-механикалық зауытының қызметкері, анасы БМЗ-да еңбек етеді. Ал команданың тағы бір мүшесі Алмат Мұсақожаның әкесі «Tranco Express» компаниясында жұмыс істейді.

Ойыншылар ерекше әзіл-оспақ, тапқырлық, әзілмен жеткізудегі өткірлігі мен актерлік қабілеттерін көрсете білді. Алда-ойындардың көктемгі маусымы. Балқаштықтарға республикалық көңілді тапқырлар клубының алдағы кезеңінде сәттілік тілеп биіктен көрінулеріне тілектеспіз!

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады