25 Сәу 2023

Қазақмыс Қарағанды облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Меморандум әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Құжатқа сәйкес Қазақмыс әкімдікпен бірлесіп Қарағанды облысында 15 әлеуметтік жобаны іске асыруға ниетті.

Тараптар білім беру, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және қалалық кеңістіктерді дамыту сияқты бірқатар басым бағыттарды айқындады. «Қазақмыс» корпорациясы Абыз ауылындағы мектепті жөндеуді, Балқаш қаласында балабақшаны қайта құру мен ашуды жүзеге асырады және тағы басқа жобаларды қолдайды.

Image 2

Меморандумға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС ESG жобасының жетекшісі Сәкен Шаяхметов қол қойды.

- Бұл бірлескен қадам тараптардың көп жылғы жемісті ынтымақтастығының көрсеткіші болып табылады. Жоспарланған жобаларды іске асыру өңірдің одан әрі дамуына ықпал етеді, бұл корпорация ұстанатын құндылықтарды тікелей бейнелейді, - деді Сәкен Шаяхметов.

Image 2

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде әрдайым өндіріс орындары орналасқан өңірлерінде жайлы өмір сүру жағдайлары мен қолайлы қалалық орта құра отырып, өндіріс орындары бар өңірлерін дамытуға ұмтылады.

Меморандум шеңберінде жоспарланған 15 жобаны «Қазақмыс» қаржыландыруы есебінен 2023 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады