27 Қыр 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

«Қазақмыс» тобының құрамына кіретін төрт компания «Иннопром. Қазақстан» халықаралық көрмесінде өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды.

Image 2

Өнеркәсіптік көрмеге барлығы 700-ге жуық компания қатысты. Әр түрлі елдердің машина, станок және кеме жасау, химия, авиация, металлургия және тоқыма өнеркәсібінің мамандары - саланың даму мәселелері мен перспективаларын талқылады. «Қазақмыс» тобы атынан- «Maker (мейкер)» ЖШС, «Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС, «QazaqGeophysics» ЖШС, «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС презентациялар өткізді.

Image 2

«Иннопром.Қазақстан» көрмесінде «Қазақмыс» таныстырған жобалардың бірі «жасыл» электр энергиясын құру жобасы болды. Бұл - күн электр станциялары, гидростанцияларды жобалау және салу.

Image 2

«Бүгін біз Шығыс өңірінде, атап айтқанда ШҚО, Күршім өзенінде су электр станциясының құрылысын зерттеумен айналысамыз. Бұл біздің перспективалы басым жобаларымыз», - деді «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС Бас директоры Валерий Сибагатулин.

Image 2

Сондай-ақ, көрмеде «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС өндірістерінде жаңа мыс балқыту технологияларын енгізу, ҚҚМЗ-да мамандандырылған тау-кен жабдықтары мен шахталық желдеткіштерді дайындау бойынша жобалар таныстырылды, бұл – болашақта аталған өндіріс түрлерін Қазақстан аумағында шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Новости по теме

Новости по теме

06 Dec 2023

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановпен бірге Жезқазған қаласының жылу беру маусымының өтуін тексеріп, Жезқазған ЖЭО-на барды.

05 Dec 2023

Қазақстанның православ шіркеуінің митрополиті Ұлытау өңірінде болды

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ