01 Қыр 2023
Тау-кен инженері мамандық емес, ол кәсіп
Кеншілердің арасында мынандай ант бар: әріптестердің жұмысын құрметтеу және әрқашан оларға қол ұшын беруге дайын болу. Бұл талаптарды орындамайтындар, әдетте, ұзақ уақыт бойы бүл мамандықта қалмайды. Сондықтан, тау - кен мамандарының көпшілігінің айрықша белгілері - біртұтастық пен өзара көмек болып табылады.
- Адам туралы оның шахтер, кенші, тау-кен инженері екенін естігенде не елестетеміз? Мысалы, мен тау-кен инженері маманымын. Менің ойымша, бұл мамандық шығармашылық ойдың сарқылмас көзі болып табылады. Біздің кәсіби қызметіміздің нысаны, кейде өмірлік ісіміз пайдалы қазбалардың кен орындарын зерттеп және оны адамзаттың пайдасына жарату болып табылады - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің «Балқаштүстімет» ӨБ бас инженері Жандос Сматаевпен әңгімеміз осындай философиялық ойдан басталды. - Табиғат миллиардтаған жылдар бойы ең ұлы суретші ретінде жер қойнауын жасайды және қалыптастырады, пайдалы қазбалар мен кен орындарында қор жинайды. Біз, тау-кен инженерлері, жер қойнауының сансыз байлығына қол жеткізуге мүмкіндік беретін шешімдерді табуға тиіспіз және міндеттіміз. Біз экологиялық таза және мүмкіндігінше мыңдаған жылдар бойы табиғат-ана жасаған суреттің тұтастығын бұзбай, тиімді пайдалануымыз керек.
Жандос Бөлегенұлы Сматаев-тау-кен инженері, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ түлегі. Ол - 15 жылдық өндірістік тәжірибесі бар кенші.
Саяқ кеншілер қонысында туып-өскен. Болашақ мамандықты және жоғары білім ордасын таңдауда, әкесі үлкен рөл атқарды. Әкесі, Бөлеген аға, сол кезде геологиялық - барлау партиясында бұрғылаушы болып жұмыс істейтін, содан кейін Саяқ кенішінің «Саяқ-4» («алтын») шахтасының жерасты электровозының машинисі болып жұмыс істеді. Сондықтан, Жандос, бала кезінен кеншілер мен тау-кен кәсіпорнының күнделікті өмірімен жете таныс болды.
«Қазақмыста» еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, Жандос Сматаев туған өлкесіне, Саяқ ауылына оралып, еңбек жолын Саяқ кенішінің өндірістік бөлімінің жетекші инженері болып бастады. Жас маманның ұқыптылығын, терең білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін байқап, шахта басшылығы оның кәсіби тұрғыдан көтерілуіне көмектесе бастайды. Сонымен, жас маман, көп ұзамай шахтаның шаңды желдету қызметінің бастығы, содан кейін, өндіріс бөлімінің бастығы, «Саяқ – 3» шахтасының бас инженері, «Саяқ – 3» шахтасы бастығының орынбасары, шахта бастығы, шахтаның техникалық бөлімінің бастығы, Саяқ кенішінің бас инженері болып тағайындалды. Ол шахтада кәсіби деңгейін дамытып, кәсіптік тұрғыдан барлық өрлеу кезеңдерінен өтті. Қай жерде болса да және кім болып жұмыс істесе де, Жандос, адал еңбек етуді басты үстаным қылды.
Біздің кейіпкеріміз – адал еңбек ету принципін осы уақытқа дейін ұстанады. Қазір, Жандос Бөлегенұлы – «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің бас инженері. Өндіріс өте үлкенде және қиын. Бірлестікте төрт мыңға жуық адам еңбек етеді. Бірақ, ол Саяқ кенішінің еңбек ұжымын ерекше жылылықпен еске алады, онда оның тау-кен ісінің маманы және тұлға ретінде қалыптасуына Асқар ӘШІМЖАНОВ, Сұлтан БОЯУБАЕВ, Мұнар СЕЙТПЕКОВ, Василий ШИНКАРЬ сияқты тәжірибелі кеншілер өз үлестерін қосқан болатын.
- Кез-келген кәсіпорындағы инженердің жұмысы - еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтаумен, тау-кен жұмыстарын жоспарлаумен, жоспарлы көрсеткіштерді орындаумен және инженерлік-техникалық шешім қабылдаумен тығыз байланысты. Біздің барлық тау-кен кәсіпорындарымыз, бұл Саяқ, Шатыркөл, Қоңырат кеніштері және жаңа кәсіпорын-Жайсан кеніші, өздерінің кәсіби мерекелерін, өндірістегі еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасын сақтап, жақсы табыстармен қарсы алуда. Ең бастысы - біз барлық өндірістік жоспар көрсеткіштерін орындадық, - дейді бірлестіктің бас инженері Жандос Сматаев.
Біздің кейіпкеріміз, атап өткендей, тау-кен кәсіпорындарындағы инженер ретінде, бірінші кезекте өзі басқаратын адамдардың өміріне жауап береді. Сіз, шахтер рухы туралы естіген шығарсыз. Табандылық, ұйымшылдық, ұстамдылық, өзіне және басқаларға жауапкершілік тек инженер-кеншілерге ғана тән. Кеншілер арасында тіпті анттың бір түрі бар: өз кәсібіне лайықты болу, жолдастарыңның жұмысын құрметтеу және әрқашан оларға қол ұшын беруге дайын болу. Бірақ ең бастысы - саланың, қоғамның және бүкіл елдің игілігі үшін адал еңбек ету. Кенші болып туылмайды, кенші болып, тек қана барлық өндірістік цикл процесінде қалыптасады!
Жандос Сматаев, басқа кеншілер сияқты, қысқа, сұрақтарға нақты және сауатты жауап береді, тек өз жұмысына назар аударады. Әңгіме барысында ол өз ісін, кәсіпорнын өте жоғары бағалайтынын және кеншінің қиын да қатал кәсібіне жататындығын мақтан тұтатыны сезілді.
- Әйтсе де, Жандос Бөлегенұлы, тау-кен инженері- суретші ме, әлде жасаушы ма?
- Тау-кен инженері, дәлірек айтсақ, бұл суретші де, жасаушы да. Ауқымды тау-кен жұмыстарын суреттеуші, барлық ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып, жер қойнауының сансыз байлығын қоғамға қызмет етуді жасаушы – деп жауап қатты, кенші Жандос Сматаев.
Өзінің кәсіби мерекесі - Шахтер күні, Жандос Бөлегенұлы Сматаев, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің III дәрежелі «Кенші даңқы» салалық төс белгісімен марапатталды. Бұл көп жылдық тәжірибесі бар өз ісінің майталманы,бұл марапат, кенші Жандос Сматаевқа өте лайықты марапат!
Ләззат Смағұлова