06 Мау 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

Біз бүгін

Жыл сайынғы «Золотой Гефест» байқауы Astana Mining & Metallurgy Congress (AMM) аясында өткізіліп отыр.

Image 2

Оған геология, тау-кен металлургия саласының мамандары, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы тақырыбын көтеретін журналистер қатысты.

 «Золотой Гефест»  байқауы әсіресе сала қатысушылары үшін маңызды – бұл тау-кен металлургия кешені мамандары үшін республикалық маңызы бар ең беделді сыйлық.

«Золотой Гефест» байқауы 15 номинацияны қамтиды: «Жыл маманы» («Жыл геологы», «Жыл кеншісі», «Жыл металлургі», «ТМК әйелдері», «Жыл кеншісі», «Жыл байытушысы», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Жылдың көшбасшысы, Үздік digital-ТМК-дағы шешім (ERG сыйлығының бас серіктесінің арнайы номинациясы), Жыл тәлімгері, Жыл педагогы, Жылдың үздік дипломдық жұмысы,  Жылдың Медиа жобасы-баспа және Интернет-ресурстардағы ТМК жайлы үздік журналистік жұмыс, Жылдың Медиа жобасы-ТМК тақырыбындағы телеарнадағы үздік журналистік жұмыс, Үздік ESG стратегиясы.

Байқауға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне аса мән беріп, көзге түскен қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған жобалар ұсынылды. Сондай-ақ тұсаукесерде Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күніне арналған «Қауіпсіздік сағаты» іс-шарасы туралы бейнеролик көрсетілді.

Image 2

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша «Жыл көшбасшысы 2023» номинациясында «Золотой Гефест» сыйлығы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау департаменті директорының м.а. Шыңғыс Турежановқа табысталды.

Новости по теме

Новости по теме

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды

15 Jun 2024

ЖБФ үздік қызметкерлерін қалай құттықтады

15 Jun 2024

Ғалымдар кенді байытудың инновациялық әдістерін ұсынды

06 Jun 2024

Нұрахмет Нуриев министр Қанат Шарлапаевқа «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметі туралы айтып берді

05 Jun 2024

«Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері Владимир Жұманбаевты халықаралық іздеуге жариялау туралы