09 Қыр 2023

«Шахтер кубогы» - біздікі!

«Қазақмыстың» футболшылары тау-кен металлургия кешені командалары арасында шағын футболдан өткен бірінші республикалық турнирдің жеңімпаздары атанды. Жарыс бүгін Алматы қаласында өтті.

Image 2

Аталмыш шараға «Қазақмыс» атынан футболдан корпоративішілік турнирдің чемпиондары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Цифрландыру қызметінің құрама командасы қатысты.

Спортшылар әдемі ойын көрсетіп, «Алтыналмас» пен «Полиметалл» командаларын жеңіп, бірде-бір жеңіліссіз финалға шықты.

Финалда біздің ойыншылар тағы да «Полиметалл» командасымен кездесті. Тартысты бәсекеде қазақмыстықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Image 2

Цифрландыру қызметінің қоржынындағы «Шахтер кубогынан» басқа үздік қақпашы - электромонтер Айбек Сағынтай да жүлдеге ие болды.

Image 2

Турнирдің үздік жанкүйері болып цифрландыру қызметінің жетекші инженері Еркебұлан Төкенов болып танылды.

Image 2

Жарыстың бас төрешісі ретінде FIFA аккредиттеген төрешісі Александр Кулаков сөз сөйледі, ол «Қазақмыс» ойыншыларының жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, оларды лайықты жеңісімен құттықтады.

Финалдық ойында қарсыластар қақпасына Шәріп Худашев-3 гол, Ерасыл Сәдуақасов - 1 гол, Темірхан Сүлейменов-1 гол салып ерекше көзге түсті.

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады