07 Нау 2023

Таулар, фотосуреттер, құттықтаулар…

«Қазақмыс» корпорациясының елу озат қыз-келіншектері Алматыда болып, 8 Наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шараға қатысты. «Қазақмыстың» барлық өндірістік бағыттарының өкілдері –өндіру, байыту, металлургия, геология, энергетика салаларынан келген қыз-келіншектерге қала бойынша танымдық экскурсиямен, Шымбұлақ тау шаңғысы курортына сапар және теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте фотосессиямен қызықты бағдарламалар дайындалған. Кешкісін атақты «Қазақстан» қонақ үйінің жиын залында нәзік жандарға салтанатты жағдайда әдемі ақ тілектер мен құттықтаулар айтылған керемет кеш өткізілді.

Image 2

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев құттықтау сөзінде, - ерен еңбектеріңіз және сүйікті кәсіпорндарыңыздың дамуына қосқан, баға жетпес үлестеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс айтамын! Сіздерге зор денсаулық, өркендеу және отбасылық шаттық тілеймін деді.

«Қазақмыстың» еңбек сіңірген аруларын компанияның басқа басшылары да құттықтап, ақ тілектерін білдірді. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қаржы және экономика жөніндегі директоры Нұрлан Оспанов, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС ұйымдастыруды дамыту және персоналды басқару жөніндегі директоры Евгений Козак және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС персонал жөніндегі директоры Владимир Лян.

Аруларға ер азаматтар грамоталар мен алғысхаттар,сыйлықтар табыс етті. Осынау салтанатты кеште Қазақстандық эстрада жұлдыздары Ракымжан Жақайым, Бүркіт пен Айша, Ұланғасыр Ками өнер көрсетуі музыкалық тосын сый болды.

«Қазақмыс» компаниялар тобында 11 мыңға жуық нәзік жандар еңбек етеді. Сонымен қатар, компанияда еңбек ететін әрбір оныншы ана, көп балалы батыр ана болып табылады.

Кәсіпорындарда жүзге жуық «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері еңбек етуде. Бұл біздің әйел азаматшалардың ерекшеліктерін аңғартады. Олар отбасындағы ана рольі мен өндірістегі жұмысты шебер үйлестіріп, кәсіби тұрғыдан сәтті дамып, сұлулық пен нәзіктіктің үлгісі болуда.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

21 Feb 2024

Жезқазғандағы өндіріс жастарының слеті

21 Feb 2024

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМДЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР ОРЫНДАЛДЫ

14 Feb 2024

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ

09 Feb 2024

Қазақстан Республикасындағы екінші мемлекеттік мектеп тәуелсіз аккредитация алды

03 Feb 2024

Сәтбаев қаласында «қара» қар түсу жағдайына қатысты

02 Feb 2024

ҚР ТЖМ Вице-министрі «Қазақмыс» өкілдерімен кеңес өткізді