08 Нау 2023

Құрметті Қазақмыс арулары!

Сіздер біздің компанияның барлық кәсіпорындарында жемісті еңбек етудесіздер. Өндірістік үдерістерде және кеңселерде, жер бетінде және жер астында, ыстық цехтарда және ашық аспан астында ер адамдармен қатар тер төгіп келесіздер. Сонымен бірге сіздер ұжымдарда жақсы атмосфера мен жұмыс орындарында жайлылық қалыптастырудасыздар. Сіздердің араларыңызда Қазақмыстың өркендеуіне көп күш жұмсаған өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері көп.

Сіздерге еңбектегі табыстарыңыз үшін, өндірістік көрсеткіштеріңіз бен кәсіби жетістіктеріңіз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер! Сіздер тек кәсіби маман ғана емес  мейірімді анасыздар, керемет арусыздар,  қайтпас қайсар қыздарсыздар, қамқор әпкелерсіздер.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, Сіздерге көктемнің шуағындай жарқырап жүріңіздер деген тілегімізді арнаймыз. Сіздерге  жұмыста сәттілік, мықты денсаулық және отбасылық амандық тілейміз! Армандарыңыз орындалсын, ал үйде әрқашан өркендеу мен жайлылық болсын!

«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС директорлар кеңесі

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады