02 Қар 2022

Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Өңірлерді дамыту Біз бүгін Ағымдағы қызмет

Ұлытау облысын дамытуға Қазақмыс 35 млрд. теңге бағыттайды

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» Тобы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – Жезқазған қаласының инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру бойынша тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Image 2

Қол қойылған меморандумға сәйкес «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС қызметі Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд. теңгеге 22 жобаны іске асыру жолымен әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуге бағытталатын болады. Меморандум аясында жақын жылдары Жезқазған қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, музыкалық драма театры мен балабақша сынды әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салынады.

Сәтбаев қаласы халқының денсаулығын қолдау мақсатында компания мұнда емхана мен жарақат пунктін салады.

Бұдан басқа, «Қазақмыс» мемлекеттік техникалық университеттің ашылуына және Ұлытау ауданында Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысына қатысады. Компания есебінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі ғимарат (күндіз қабылдау орталықтары үшін) сатып алынады.

Image 2

Сондай-ақ, шаруашылық суының көтергіш сорғы станциясына жөндеу жүргізу жоспарлануда. «Қазақмыстың» қолдауымен Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыруға арналған эскиздік жоба әзірленеді, Тасбұлақ, Күмісбұлақ және Әулиетау тауларының бұлақтарын абаттандыруға арналған эскиздік жоба дайындалып, абаттандырылады.

Сонымен қатар, меморандумда Қазақмыс қатысатын басқа да жобалар көрсетілген. Осылайша, компания Жезқазған қаласында 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтайды, Сәтбаев қаласында бірқатар нысандарды қайта құру және абаттандыру бойынша эскиздік жобалар дайындайды.

Тұрғын үй саласындағы мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, компания Жезқазған қаласындағы ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтайды.

Осы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою тараптарға өзара іс-қимылды жаңа сапалық кезеңге шығаруға мүмкіндік береді және өңір халқының әл-ауқатының деңгейін арттыру негізгі басымдық болады.

Новости по теме

Новости по теме

18 Nov 2024

Қазақмыс Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтау үшін 5 млн доллар бөледі

11 Nov 2024

Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нуриев Satbayev University-ді 90 жылдығымен құттықтады

25 Oct 2024

Қазақмыстың 43 жұмыскері Республика күніне орай салалық марапатқа ие болды

16 Oct 2024

Сәтбаев қаласының жылу энергетика кәсіпорны жылыту маусымына қалай дайындалды

16 Oct 2024

Балқаш ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды

14 Oct 2024

Жезқазған ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды