01 Нау 2024

«Қазақмыс» 1-ші қысқы Спартакиаданы өткізді

Алматыда «Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерінің командалары арасында «I қысқы Спартакиада» өтті.

Image 2

Жарыс екі күн, яғни, ақпанның 28 және 29-ы күндері өтті. Оларға бұрын өз ұйымдарында іріктеу турнирлерінен өткен 300-ден астам спортшы қатысты

Image 2

Ауқымды шараны «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ұйымдық даму және персоналды басқару жөніндегі директоры Евгений Козак ашып берді.

«Спорт – қызметкерлердің бір-бірімен танысуына, ептілік пен дене қасиеттерін көрсетуіне мүмкіндік беретін бірегей шара. «Қазақмыс» компаниялар тобының спорт саясатын талқылау барысында сіздер ұсынған спорт түрлерін біз белсенді түрде дамытамыз. Бүгін сіздерге қауіпсіз ойын және жақсы көңіл-күй тілеймін», - деді Евгений Козак

Image 2

Жарысқа «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС, «Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)», «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы, Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі, «Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС, «Kazakhmys Maintenance Services (Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз)» ЖШС, «Maker (Мэйкер)» ЖШС  барлығы 14 команда қатысты.

Image 2

Екі күн бойы «Қазақмыс» спортшылары шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және шаңғы жарысында бақ сынады. Командаларды арнайы шақырылған кәсіби төрешілер бағалады.

Image 2

Жарыс қорытындысында жүлделі орындарға төмендегі қатысушылар ие болды:

футбол бойынша: «Қазақмыс корпорациясы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ

Image 2

шахмат бойынша: «Жезқазған түсті металл» өндірістік бірлестігінің Таңат Дүйсентегі (Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер) Әсем Ескендірова (сырлаушы) және Мейрамбек Күбенов (слесарь-жөндеуші) енген команда.

Image 2

үстел теннисі бойынша: «ГРЭС Топар» ЖШС-ның Михаил Лелеко (бу турбиналарының машинисі), Евгений Тимофеев (ультрадыбысты бақылау бойынша дефектоскопист) және Кристина Стрельцовадан (электр станциясы басқармасы бас қалқанының электромонтері) жасақталған команда;

Image 2

шаңғы жарысы бойынша: «Maker (Мэйкер)» ЖШС-ның Владимир Синельников (4 - разрядты металл құрылымдарын құрастыру жөніндегі слесарь), Нұрғазы Абзалбек (3 - разрядты фрезерлеуші) және Юлия Кузнецовадан (1 санатты инженер-конструктор) құралған команда.

Шаңғы жарысында әйелдер арасында жеке есепте Юлия Кузнецова («Maker (Мэйкер)»ЖШС –1 орынды, Гүлнұр Дүйсенбекова («Kazakhmys Distribution (Қазақмыс Дистрибьюшн)» ЖШС – 2 орынды, Әсем Дәрімбекова («Балқаштүстіметалл» ӨБ) – 3 орынды иеленді.

Image 2

Ерлер арасында: 1 орын – Мұхаммед Егінбай («Қарағандытүстімет» ӨБ), 2 орын – Нұрболат Қалахметов («Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған қ.), 3 орын – Айбол Ақмыс («Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Балқаш қ.).

Image 2

Футболда «Үздік ойыншы» аталымына Еркін Мыңбаев («Barlau» ЖШС) лайық деп танылды. Әшім Сұлтанәли («Kazakhmys Maintenance Services (Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС) «Үздік қорғаушы» атанды. Андрей Першин («ГРЭС Топар» ЖШС) «Үздік қақпашы» атағына қол жеткізді.

Image 2

Жалпыкомандалық есепте «Жезқазғантүстімет» ӨБ спортшылары жеңімпаз болып танылды. Екінші орынды «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің командасы иемденсе, үшінші орын  «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС спортшыларына бұйырды.

Спартакиада жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш бұл игі шара мерекелік концертпен аяқталды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады