11 Қаң 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

2019-2024 жылдар аралығында компания әлеуметтік осал топқа жататын қызметкерлерге жалпы сомасы 6,7 млрд теңгені құрайтын 280 пәтердің кілтін табыстады. Оның ішінде 186 пәтер көпбалалы отбасыларға, 94 пәтер ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді.

2025 жылы компания корпорацияның қызметтік тұрғын үйінде тұрып жатқан қызметкерлерге баспананың меншік иесі атану мүмкіндігін ұсынады. Осылайша, 204 қызметтік пәтер отбасында мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар қызметкерлерге, көпбалалы отбасыларға және зейнеткерлерге тегін беріледі. 152 пәтер Балқаш қаласы Сейфуллин көшесі, 34-үй мекенжайында орналасқан, ал 52 пәтер қызметкерлердің тұғылықты жері бойынша беріледі.

Сонымен қатар 2000 жылға дейін салынған пәтерлерде тұрып жатқан 60 қызметкер қызметтік тұрғын үйді 1 миллион теңгеге дейінгі қалдық құнымен сатып алу құқығына ие болады. Барлық үміткерлерге құжаттарды «Қазақмыс» тұрғын үй комиссиясына тапсыру қажет екені туралы хабарланады.

Толық ақпарат алу үшін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік департаментінің аймақтық мамандарына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:

* 8 7102 748 081 – Парфенова Ирина (Ұлытау облысы)

* 8 7102 741 570 – Алданазарова Зәмзәгүл (Ұлытау облысы)

* 8 71036 62424 – Қаржасова Альфия (Балқаш қаласы)

* 8 7212 952682 – Мизембаева Жанар (Қарағанды облысы)

Новости по теме

Новости по теме

13 Feb 2026

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

11 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

11 Feb 2026

Қауіпсіздік және инвестиция: «Қазақмыс» кеніштерін дамытудың жаңа стратегиясы

09 Feb 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

05 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

04 Feb 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты