09 Жел 2023

«ZhasSkills Kazakhmys 2023»

Балқаш қаласында «ZhasSkills Kazakhmys 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жарысты «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қайырымдылық қоры және «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі ЖМ ұйымдастырды.

Image 2

 «ZhasSkills Kazakhmys 2023» - бұл оқушылар арасындағы чемпионат, ол өскелең ұрпаққа кәсіби бағдар алуға, өзекті мамандықтар мен жұмысшы мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді.

Политехникалық колледже, кәсіби шеберлік байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Аталмыш байқау төрт құзіреттілік бойынша өтті: «Дәнекерлеу ісі», «Электромонтаждау», «Слесарлық және жөндеу жұмыстары» және «Металлургия».

Image 2

 «Чемпионаттың бірінші іріктеу кезеңі 16-27 қараша аралығында Балқаш қаласы мен Шашубай кенті мектептерінің базасында өтті. 17 мектеп өкілдерінің ішінен техникалық мамандықтарға бейімділігі жоғары және «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде оқығысы келетін 139 оқушының білім деңгейі сараланды. Екінші кезеңде қатысушылар жұмысшы кәсіптеріне деген қызығушылықты ескере отырып, сол мамандық бойынша құзыреттілікті таңдады. Нәтижесінде чемпионаттың қорытынды кезеңіне 32 оқушы қатысты», - деді «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі ЖМ директоры Айгүл Сыздықова.

Image 2

Чемпионат қорытындысы бойынша «Металлургия» құзыретінде бірінші орынды Б.Момышұлы атындағы №8 ОМ оқушысы Аида Мұханова жеңіп алды, екінші орынды №9 ОМ оқушысы Еламан Кәукербеков, үшінші орынды А. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы Мәди Әбеуов иеленді.

Дәнекерлеу ісінде Ы.Алтынсарин атындағы №25 ОМ оқушысы Толғанай Жолдыбай үздік деп танылды. Ал екінші орын А. Ермеков атындағы №17 мектеп-лицейінің оқушысы Максим Вдовиновқа, үшіншісі орын Әл-Фараби атындағы №16 орта мектеп оқушысы Ержан Абзалға бұйырды.

Image 2

«Слесарлық және жөндеу жұмыстары» құзыреттілігінде Әл-Фараби атындағы №16 орта мектеп оқушысы  Салауат Саламатұлы үздік атанып, бірінші орынды жеңіп алды, №24 мектеп-интернатының оқушысы Елизавета Дерингер екінші  және  №5 орта мектептің оқушысы Ерасыл Жұмақан   үшінші орынды иеленді.

 «ZhasSkills Kazakhmys 2023» чемпионатында №4 және 25 ЖББОМ оқушылары Егор Афанасьев, Егор Коломзаров және Айжан Садвахасқызы үздік электромонтажшылар болып танылды, олар сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші орындарды жеңіп алды.

Image 2

Чемпионат қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға көтермелеу сыйлықтары мен сертификаттар табысталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ләззат Смағұлова

Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады