21 Мау 2023
Жайсан. Жер асты қазынасы үшін шайқас
Ағымдағы қызметЖаңа мыс кен орны Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында Төле би ауданының орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым және Балқаштан 570 шақырым жерде орналасқан.
Жайсан кен орнының негізгі аймағын өнеркәсіптік игеруі 2022 жылдың 1 қыркүйегінде басталған болатын, ал тікелей кен өндіру кезеңі, осы жылдың қаңтар айынан басталды. Кен қорларын өңдеу жерасты тәсілімен жүргізіледі. Жайсан кеніші вахталық әдіспен 15 күннен жұмыс істейді. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымына кіретін «Zhanashyr Project (Жанашыр Проджект)» ЖШС кеніш иесінің жоспарына сәйкес, биылғы жылы объектіде кен өндіру көлемі шамамен 300 мың тоннаны құрайды, келесі жылдан бастап кен өндіру жылына 600 мыңға дейін жетеді деп болжануда. Жаңа кен орнын 2041 жылға дейін игеру жоспарлануда.
Жақында журналистер, фото және бейнеоператорлар тобы мен компанияның баспасөз қызметі «Қазақмыстың» ең шалғайдағы шикізат базасына баспасөз турын өткізу бақытына ие болды. Бұл сапар «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры Олег Копытовтың қолдауымен өтті.
Жайсанның биіктіктен көрінісі
Бір қарағанда, шахтада қарапайым ғана өмір өтіп жатқан сияқты, бірақ олай ойлауға болмайды. Кәсіпорынның инженері, шебері немесе жұмысшысы болсын - барлығы жоспар бойынша жұмыс істейтінін және бәрі жоспардың орындалуына бағынатынын жақсы біледі.
Сәлемдесуден кейін учаске бастығының орынбасары Мақсат Тәжібай кіммен кездескіміз келетінін сұрады.
- Әрине, сансыз жер асты байлығына жол ашқандармен, кеніште жаңа көкжиектерге шығып, жер-асты байлығын қопара алып, оны жер бетіне алып шығушылармен. Олар- үңгілеушілер, кен өндірушілер, бұрғылаушылар, жарғыштар, тиеу-жеткізу машиналарының жүргізушілері.
Жайсанның екінші вахтасының кеншілерімен танысу жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешеннің жанында басталды. Біздің гидтеріміз Мақсат және учаскелік механик Жансерік Мұқанов болды. Олар өз басшылығының тапсырмасына үлкен жауапкершілікпен қарап, алдымен қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқама өткізді, біздің топ, медициналық куәландырудан өткеннен кейін, бізге шахтер шамдары мен өзін-өзі құтқарушылар берілді. Әрі қарай, біз жаңа PAUS автобусымен Жайсанның жерасты қаласына саяхат жасадық.
Межелі жерге дейін жер асты лабиринттерімен ұзақ жүруге тура келді. Осы уақыт ішінде біздің гидтер әріптестері мен жаңа кәсіпорын туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олардың әңгімелерінен, біз Жайсанда болашақта өз басшысына мықты тірек болатын пікірлестердің тату ұжымы құрыла бастағанын түсіндік. Мен сондай - ақ жайсандықтардың өзіндік ерекшелігі бар екенін байқадым- адами мінезге тән - мейірімділік пен ақжаркын пейіл. Ал ұжым болса - жас, сауатты, үлкен жұмысқа және жақсы өндірістік нәтиже беруге бейімделген.
Мақсат Тәжібайдың айтқанындай, кәсіпорын ұжымы жана қалыптасып келе жатса да, бүнда тәртіп қатаң орын алған - әр ауысымның алдында, түнгі немесе күндізгі болсын, ұжымға нақты өндірістік міндеттер қойылады. Бірақ жұмысқа кіріспес бұрын жұмысшылар міндетті түрде медициналық куәландырудан және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқамадан өтеді.
- Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық және медициналық куәландыру - бұл міндетті түрде жүргізіледі, - деп толықтырды учаскелік механик Жансерік Мұқанов.
Жансерік- жоғарғы білімді тау-кен инженері. Тау-кен кәсіпорындарының жұмысын жетік біледі, үлкен тәжірибесі бар маман. Корпорацияда 2001 жылдан бастап жұмыс жасайды. Еңбек жолын Жезқазған Оңтүстік кенішінің №65 шахтасының өндіру учаскесінің механигінен бастап, одан әрі Нұрқазғанда, 2007 жылдан бастап Шатыркөл кенішінде-алдымен сервистік учаскеде, содан кейін тау учаскесінің механигі болып жұмыс істеді. Бірнеше жыл бойы Балқаш өңірі бойынша Sandvik шведтік компаниясының жоба жетекшісі болды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Жайсанда учаскелік механик болып жұмыс істей бастады.
Біз тау-кен машиналарының гүрілімен қоса кенжарға да жеттік. Мұнда үнгулеушілер Борис Аспаев пен Азамат Қалиев түсті металлдар үшін жекпе-жек шайқасын жүргізіп жатыр екен. Олар өздерінің Boomer S1C темір түлпарымен 35 шпурдың 20-сын бұрғылап қойған. Борис пен Азамат-өз ісінің шеберлері, бірнеше жыл бойы Саяқ пен Ақжал кеніштерінде еңбектенген. Өткен жылдың қараша айынан бастап Жайсанда еңбек етуде. Қазіргі уақытта Борис пен Азамат кәсіпорынның ең тәжірибелі мамандары болып табылады. Ауысымда жігіттер екі циклде алты сызықтық метрге дейін бұрғылайды. Біз Борис пен Азамат басқарған бұрғылау қондырғысының біздей жебесінің ұшы тау массасына қадалып, метрден метрге дейін жер астының қазынасын, біздің игілігіміз үшін, алып жатқанына куә болдық.
- Біздің кеніш ең жас кеніш, жұмыс жасап жатқанына бір жыл да толмаған. Бірақ жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Біз өндіретін кенде мыс, күміс, молибден және селен бар. Бірақ бұл кен орнының кенінің өндірістік құндылығын анықтайтын негізгі компонент, әрине, мыс болып табылады. Кеніште қорларды игеру жұмысы жерасты тәсілімен жүргізіледі. Біздің кеніш жақсы қарқынмен дамуда. Модульдік үлгідегі тұтас вахталық қалашық салынды. Жұмыскерлерге өте қолайлы 200 орындық заманауи жатақхана - душ, киім ауыстыратын бөлме, тіпті кір жуатын бөлме де бар. 100 орындық асхана жұмыс жасауда. Инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін заманауи кеңсе де салынды, - деп үнгілеушілер өздерінің ойларымен бөлісті.
- Борис! Азамат! Жұмыстарыңыз өздеріңізге ұнайды ма? – деп мен оларға сұрақ қойдым.
- Әрине ұнайды! Алғашқы күндерден бастап бұл жұмыс бізді қызықтырды, өйткені күн сайын біздің көз алдымызда жер асты байлығының көз жауын алатын жарқыраған алуан түстері таңғажайып көрініс береді. Бұл көріністі тілмен жеткізу мүмкін емес. Ең бастысы: егер сіз жұмысқа кіріссеңіз, кәсіби міндеттерді барлық жауапкершілікпен орындаңыз. Өндірісте, әсіресе шахтада талаптарды сақтау керек, жер-асты әбігерге салынуды ұнатпайды. Әріптестерге, жұмысқа,жұмыс орнына, техникаға құрметпен қарау керек, сонда сіз жетістікке жетесіз, - деп жауап берді Борис Аспаев.
- Boomer-көлденең бұрғылауға арналған ең жаңа ұңғыма бұрғылау машиналарының бірі. Сіз ұңғыма кез - келген шахтаның элитасы екенін міндетті түрде жазыңыз! - деп Бористің серіктесі Азамат нақтылап қойды.
Жігіттер өз жұмыстарын мақтан тұтады.
- Boomer машинасы-ақылды техника. Онда жұмыс істеу қауіпсіз, бұрғылау процесі толығымен автоматтандырылған. Бұл бұрғылау қондырғысын басқару компьютермен іске асады! Егер оған ұқыпты қарамасаңыз, ол тоқтап калуы мүмкін! - Борис Аспаев пен Азамат Қалиев өздерінің темір түлпарына осындай мінездеме берді.
Әрі қарай олар бұрғылау жоспарларымен бізді таныстырды. Бүл маркшейдерлердің нақты тереңдікті және дәл бұрышты - градустың жүзден бір бөлігіне дейін белгілейтін арнайы схема. Қағаздағы көрсеткіштер борттық компьютерге енгізілген. Бұл тапсырманы үнгілеушілерге тек қана уақытында және виртуоздық дәлдікпен орындау ғана қалады.
- Жігіттер, ұңғымашы үшін ең бастысы не? - деп сұрадым.
- Ең бастысы-төзімділік пен күш, керемет көру қасиеті, байқағыштық пен шыдамдылық, жауапкершілік және қатаң тәртіп. Бұл қасиеттер болмаса, онда шахтада жұмыс істеу қиын болады, - деп жауап берді менің сұхбаттасушыларым.
Ия, ұңғыма - бұл жер асты жұмысындағы ең озық сызық екенін кеншілер өте жақсы біледі, өйткені, тау-кен өндіру кезіндегі дайындық жұмыстарын жүргізетін және тау-кен массасына бірінші болып енетін әрине ұңғымашылар. Дәлірек айтқанда, олар кен өндіру бригадаларына жол ашады.
Ал келесі кенжарда, Boltec бұрғылау машинасында, өз кәсіби шеберліктерін кенжарларды бекітуші Ғазиз Қалқанбай мен оның көмекшісі Самат Түсіпов нақтылап жатты. Ғазиз бен Самат үлкен бұрғылау машинасын оңай және шебер басқарады. Олар, өз істерін майталман мамандардан үйренгендіктері көрініп тұр, сондықтан, Ғазиз бен Саматтың әріптестері оларға өте сенімді, қажет болған жағдайда екеуі де кәсібиліктерін кез-келген деңгейде көрсете алады дейді.
- Ал, жігіттер, көңіл-күй қалай?
- Керемет! Жұмыс жасарлықтай ! – деген жауап алдым.
Жайсанның кеншілері шынымен де өз ісінің шеберлері. Жер астында, бүкіл үңғыма бойынша, жарық шамдар ілінген – тура қала көшелеріндей жап-жарық! Жер астындағы үңгымаларды жарықтандыру - учаскелік энергетик Ельдар Кітапбаевбаевтың құзыреттілігінде. Ельдар энергетика саласында айтарлықтай еңбек өтілі бар,ол Саяқ кенішінде ұзақ уақыт электрик болып жұмыс істеді, ал өткен жылдың күзінен бастап Жайсанда еңбек етуде. Шахтадағылардың айтуынша, Ельдар-жас және болашағы зор маман.
Жолда Мақсат Тәжібай кеншілердің күнделікті өмірі туралы айта бастады.
- Шахтада 340 адам вахталық әдіспен жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта 140 адам жұмыс істейді, олардың 40 - ы Шу ауданының жергілікті тұрғындары. Бір вахтада 70 адамнан, олар - үңгілеушілер, бұрғылаушылар, жарғыштар, тиеу-жеткізу машиналарының машинистері, учаскелік маркшейдерлер, геологтар, шам жағушылар, жол жұмысшылары және диспетчерлер. Бізде Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар жиналған. Тәулігіне 1,84 пайыз мыс құрамы бар 800 тоннаға дейін кен өндіріп жөнелтеміз. Бір айда Балқаш байыту фабрикасына темір жол арқылы 25 мың тоннаға дейін кетеді. Ағымдағы айда біз тіпті жөнелту жоспарын асыра орындадық, Балқаш фабрикасына шамамен 32 мың тонна кен жібердік. Нақтырақ айтсақ, кен өндіру жұмыстары басталған бесінші айында, Жайсан кеніші жоспарлы көрсеткіштерді жауып тастап отыр. Жайсаннан 75 шақырым жерде орналасқан Бірлік станциясына дейін өндірілген кен, ауыр жүк таситын автосамосвалдармен жеткізіледі. Инвестициялық бағдарлама бойынша біз шведтік Еpiroc компаниясының 12 тау - кен-шахта жабдығын сатып алдық. Бұл Вoomer және Simba ұңғылау және кен өндіру арбалары, Boltec бұрғылау қондырғысы, МТ самосвалдары, СТ-7 тиеу және жеткізу машиналары және PAUS қосалқы жерасты машиналары. Қазір кеніш жеткілікті дәрежеде тау-кен техникасымен қамтамасыз етілген. «Қазақмыс» барлық жағдайды жасап отыр. Ал біз, тек қана еңбек тәртібін сақтап, адал жұмыс істеуіміз керек, - Мақсат Тәжібаймен әңгімеміз осындай оптимистік нотада аяқталды.
Мақсат-тау-кен инженері, Байқоңыров атындағы ЖезУ түлегі. Еңбек жолын Батыс Жезқазған кенішінде бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған, кейін тау-кен шебері болды, одан әрі Нұрқазғанда жұмыс істеді, Шығыс Қазақстан облысының «Ақжал» шахтасының бас инженері және бастығы болды. Қазір Жайсанда учаске бастығының орынбасары болып жұмыс істейді.
Біз, Жайсанның жұмысы туралы толық мәлімет алу үшін және қызу еңбекті өз көзімізбен көру үшін шахтада ұзақ жүрдік. Біздің топ, барлығымен танысып, әңгімелесіп, пікірлерімізбен бөлісіп - кеніштегі өмір қайнап жатыр, Жайсанның жер асты қазынасын алу бойынша қызу жұмыс жүріп жатыр деген қорытындыға келдік.
Ләззат Смағұлова, автордың суреті, Балқаш-Жайсан-Балқаш.