29 Жел 2023

ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТТАР

Алдағы 2024 жыл қарсаңында «Kazakhmys Smelting» (Қазақмыс Смэлтинг) ЖШС-де қала құраушы кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің үздік қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Image 2

Катодшылар, конвертершілер және слесарь жөндеуші барлығы жеті жұмыскер көп жылғы және адал еңбектері үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің III, II және I – дәрежелі салалық төсбелгісімен марапатталды. Екі қызметкер ҚР құрметті энергетигі атағын алды.

Image 2

2018 жылы «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС басшылығы қала құраушы кәсіпорынның қызметкерлері мен еңбек ұжымдарын жоғары өндірістік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге және кәсіпорынның оң имиджін құруға ынталандыру үшін1 млн. теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы бекітілді, Жыл қорытындысы бойынша Смэлтингтің құрылымдық бөлімшелерінің үздік қызметкерлері марапаталатын болады.

Image 2

– Бұл шара Смелтингте бесінші жыл өткізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты – кәсіпорынымыздың барлық қызметкерлерінің іскерлік және шығармашылық белсенділік танытуына, кәсіби әлеуетін толық көрсетуге және пайдалануға жағдай жасау және материалдық қызығушылықты күшейту. Басшылықтың мұндай жан-жақты қолдауы, ынталандыруы, моральдық және материалдық көтермелеуі бізге нәтижелі, ұзақ және мінсіз жұмыс істеуге, еңбекке адал және ынта жігермен қарауға, жұмыс сапасын жақсартуға, еңбек ұжымдарында тұрақтылық пен салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл адал еңбек ұжымда әрқашан мойындалып, оң бағаланатынына, беделін арттырып, әріптестер тарапынан лайықты тану мен құрметке ие болатынына біздің әрбір қызметкеріміздің сенімін тудырады. Сондай-ақ, мұндай күшті ынталандырулар бізге бар кадрлық әлеуетімізді дамытуға, нығайтуға және сақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС өндірістік директоры Марат Әубәкіров.

Image 2

Сонымен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Кәсіби шеберлік» номинациясы бойынша БМЗ МЭЦ электролизші маманы Әлімжан Накипбеков, «Сенімділік» номинациясы бойынша БМЗ МБЦ слесарь маманы Андрей Бобин жеңімпаз атанса, «Құзыреттілік» номинациясын БМЗ ҚМЦ оператор-гидрометаллургі Дмитрий Самонов жеңіп алды. Номинациялар бойынша үш жеңімпаздың әрқайсысына 1 миллион теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Ләззат Смағұлова.

Новости по теме

Новости по теме

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

19 Dec 2024

Келіссөздерден кейін кеніштер мен зауыттағы жұмыс қалпына келтірілді