23 Мам 2025

Басқарма төрағасының орынбасары жұмысшы ұжымдармен кездесу өткізді

«Қазақмыс» корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұржанов Жыланды кенішіндегі геологиялық барлау қызметімен кездесті.

Image 2

Кездесуде геологиялық барлау жұмысының тиімділігі және оның кен өндірудің өзіндік құнын төмендетудегі рөлі талқыланды.Бұл мақсатқа заманауи геологиялық бұрғылау станоктарын, дрондар мен цифрлық технологияларды қолдана отырып, жерүсті және жерасты барлау әдістерін пайдалану арқылы қол жеткізугеболады.

Image 2

«Мұндай әдіс тек бүгінгі қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, геологиялық барлау жұмысының озық жоспарын қалыптастыруға, кен-шикізат базасын тұрақтытүрде толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Кеніштерде бұл мақсатқа жетуге қажетті техникалық шешімдер бар», – деп атап өтті Ғалым Нұржанов.

Image 2

Кездесу барысында ұжымдар білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Жұмысшылардың айтуынша, барлау жұмысының көлемі артып келе жатқан жағдайда білікті мамандардың тапшылығы аса өзекті мәселе болып тұр. Бұл сұрақ басшылықтың бақылауына алынды. Жақынарада геологиялық қызметті кәсіби мамандармен күшейту жоспарлануда. 

Image 2

Геология – компания дамуының негізгі бағыттарының бірі. Күрделі тау-геологиялық жағдайлар персоналдан терең біліммен қатар, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу барысында өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтауды талап етеді.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі