15 Нау 2024

«Шеберлер мектебі» бағдарламасының алғашқы түлектері

Өткен жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару дирекциясының персоналды бағалау және дамыту бөлімі «Шеберлер мектебі» корпоративтік даму бағдарламасы сәтті іске қосылды.

Image 2

Оған Жезқазған, Балқаш Нұрқазған және Қарағайлы байыту фабрикаларында шебер қызметін атқаратын келешегінен зор үміт күттіретін білікті мамандар қатысты.

Өндірістік және басқару процестерінің барлық кезеңдерінде: белгіленген жоспарды тиянақты орындаудан бастап, ұжымның үйлесімді жұмысын ұйымдастыруға дейін шебердің жетекші маман ретіндегі рөлі орасан зор. Осы қажеттіліктерді ескере отырып, «Шеберлер мектебі» бағдарламасы әзірленді. Сонымен қатар, ол жас жетекші мамандар үшін өте маңызды, жұмысшы мен шебердің рөлдерінің дұрыс ауысуын қамтамасыз етуге арналған.

Image 2

Бағдарламаны жүзеге асыру бір жылға жуық уақытты алды. Бұл уақыт заманауи көшбасшының негізгі функцияларын, дағдылары мен құралдарын теориялық тұрғыдан зерделеу үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа әдістерді тәжірибеде сынау үшін де жеткілікті болды. Айтпақшы, оқытудың бір бөлігі жалпы сессиялар кезінде ғана емес, сонымен қатар тікелей жұмыс орнында да өтті.

Image 2

12 және 14 наурызда «Шеберлер мектебі» оқуды қорытындылады және соңғы тестілеуді тапсырғаннан кейін корпорацияның байыту секторының 57 шебері курсты аяқтау туралы лайықты дипломдарын алды. Енді олар өндірісте көшбасшының күшейтілген дағдыларын көрсетіп, оны қолданулары тиіс.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады