03 Там 2023

Ең бастысы - қызметкерлердің қауіпсіздігі

Біздің компанияның басты басымдықтарының бірі - жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала береді. Еңбек жағдайларын одан әрі жақсарту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Қазақмыс» басшылығы «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдиннің төрағалығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырыстарын өткізілуде.

Компания топ-менеджерлерінің кәсіпорын қызметкерлерімен іскерлік кездесулері тұрақты негізде өтеді, бұл қатысушыларға тәжірибе алмасуға, өндірістік алаңдарда өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл жолы комитет өкілдері Жезқазған байыту фабрикасы мен №67 шахтаның қызметкерлерімен кездесті.

«Комитет ЖБФ шеберханалары мен жұмыс орындарына барды, №2 ұсақтау корпусының № 11 галереясы көрсетілді, онда «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрылыс-монтаждау учаскесі өндірісті тоқтатпай терезелерді, фермаларды, арқалықтарды, шатырларды жөндеу - ауыстыру жүргізілуде. Сондай-ақ, 1950-1960 жылдары салынған №1,2 бас ғимараттың цехтарына да барды. Онда жабдық жаңа және заманауи жабдыққа, яғни, флотациялық машинаның процесін автоматты басқару жүйесі, гидратациялық қондырғының автоматты сорғысына ауыстырылды. Осының арқасында жұмысшылардың еңбегі жеңілдейді, адами фактор барынша азаяды», - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ЖОФ директоры Мұрат Бөрібаев.

Отырыста өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 2023 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы шығарылып, алдағы жоспарлар жарияланды. Мәселен, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев жаңа жеке қорғаныс құралдарын сынақтан өткізуге бастамашы болды. Өз кезегінде «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов СӨС және еңбек медицинасын дәріптеу саласындағы табысты жобалармен бөлісті.

Айта кетейік, «Қазақмыс» компаниялар тобының кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында 2022 жылға талдау жүргізе отырып, басшылық 2025 жылға дейін ӨҚ және ЕҚ дамытудың жаңартылған стратегиясын қалыптастырды. Оның басым бағыттары:

• жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру;

• өндірістік процестерді автоматтандыру мен цифрландыруды, персоналды оқытуды қоса алғанда, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи процестерін енгізу және қолдау;

• оқиғалардың алдын алатын кедергілерді енгізу;

• зиянды факторлар мен кәсіптік ауруларды азайту мақсатында еңбек медицинасын дамыту;

• мердігерлік ұйымдардың қауіпсіздік деңгейіне және олар орындайтын жұмыстарға қойылатын талаптарды арттыру.

ӨҚ және ЕҚ стратегиясының осы және басқа бағыттары компания қызметкерлерін өндірістегі жазатайым оқиғалардан қорғауға және еңбек жағдайларын жақсартуға арналған.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

19 Apr 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

18 Apr 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

14 Apr 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!