16 Қаң 2026

Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің кәсіпорындарын аралады

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компанияның негізгі өндірістік нысандарын аралады.

Шығыс Жезқазған кенішінде Басқарма төрағасы технологиялық үдерістермен, қазіргі өндірістік көрсеткіштермен, сондай-ақ тау-кен техникасын пайдалану мен қызмет көрсету режимімен, жөндеу және сервис процестерінің ұйымдастырылуымен танысты.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Руслан Өскенәлінің айтуынша, жер асты кәсіпорындарындағы геомеханикалық жағдайды талдау және мониторинг жүргізу үшін белсенді түрде цифрлық шешім енгізу қажет. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттыруға және орын алуы мүмкін тәуекелдерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Image 2

Жезқазған байыту фабрикасы мен Жезқазған мыс балқыту зауытында компания басшылығы әріптестерімен бірге негізгі өндірістік цехтарды аралады. Сапар барысында Басқарма төрағасы жабдықтардың жағдайымен танысып, оның тозу деңгейін бағалады.

Image 2

Сонымен қатар сапар барысында кәсіпорындардың даму перспективасы, оның ішінде болашақтағы инвестициялық жоспарлар мен басым инвестициялық бағдарламалар талқыланды.

Бұл сапарда еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілген жоқ, мұндай кездесу алдағы уақытқа жоспарланған. Компания басшылығы барлық өндірістік алаңдарда қызметкерлермен тікелей диалог орнатуға ниетті.

Image 2

Кәсіпорындарға жасалған танысу сапары компания басшылығының жүйелі жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Ол нақты өндірістік үдерісті терең түсінуге, негізгі міндеттерді айқындауға және болашақ даму жоспарын қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта өндірісті жаңғырту және оның тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс пен жоспарды жүзеге асыру міндеті тұр.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

13 Feb 2026

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

11 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

11 Feb 2026

Қауіпсіздік және инвестиция: «Қазақмыс» кеніштерін дамытудың жаңа стратегиясы

09 Feb 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

05 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

04 Feb 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты