19 Жел 2023

Жезқазғанда Құрметті металлург Сұлтанбек Елемесов туралы спектакльдің тұсаукесері өтті

С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған театры көрермендерге Құрметті металлург Сұлтанбек Елемесовтің өмірі мен еңбегі туралы «Ғұмырға тең бір күн» жаңа қойылымын ұсынды.

Image 2

Спектакль жазушы Төкен Әлжантегінің шығармасы негізінде қойылды. Спектакльдің бастамашысы Қазақстанның құрметті металлургы Төлеген Бүкіров болды. Өмірбаяндық спектакльдің жарыққа шығуына «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Image 2

Спектакль Металлург Сұлтанбек Елемесовтің Қарсақпай зауытынан Жезқазған мыс балқыту зауытына ауысқан кезінен бастап оның өмірі мен еңбек жолы туралы баяндайды. 1973 жылы 21 ақпанда ауысым шебері Жамбыл Ибраевтің басшылығымен Сұлтанбек Елемесов бастаған еңбеккерлер алғашқы Жезқазған қара мысын берді. Бұл оқиға қазақстандық металлургия тарихына мәңгілікке енді. Кейіннен Сұлтанбек Елемесов КСРО-ның құрметті металлургы атағымен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

Image 2

Премьераның көрермендері театр әртістерінің тарихи қойылымы мен актерлік шеберлігін жоғары бағалады. Спектакльді қою үшін режиссер Теміржан Жанботаев, ҚР халық әртісі Досжан Жанботаев, актерлер Жәнібек Арыстанбеков, Меруана Жанботаева және т. б. жұмыс жасады.

Image 2

Спектакль соңында құрметті металлург Төлеген Бүкіров барлық әртістер мен көрермендерді премьера сәтті шығуымен құттықтады. Ол сондай-ақ Сұлтанбек Елемесовтің немересіне атасына тиесілі алтын сағатты табыстады. 25 жыл бұрын Құрметті металлург Сұлтанбек Елемесов достық белгісі ретінде Төлеген Бүкіровке сыйға тартқан екен. Ал бүгін, жәдігер атақты Металлургтің отбасына оралды.

Image 2

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылары қатысушыларды премьерамен құттықтап, театр қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады