22 Сәу 2025

Қазақмыс «Таза Қазақстан» экофестивалінде экологиялық және өнеркәсіптік бастамаларын ұсынды

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев «Таза Қазақстан» республикалық экофестивалінде Мемлекет басшысына соңғы бір жыл ішінде компанияда іске асырылған экологиялық бастамаларды таныстырды.

Image 2

«Қазақмыс» балалардың экологиялық санасын ерте қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Компанияның қатысы бар өңірлерде «Таза Қазақстан» бағдарламасына ұқсас бірнеше бастама жүзеге асырылуда. Олардың ішінде «Мың Жасыл қадам» жобасы бар. Осы жоба аясында бірінші сынып оқушылары ағаш отырғызып, мектеп бітіргенге дейін оны күтіп-баптайды. Жобаға 25 мектептен 2 мың оқушы қатысты.

Image 2

Тағы бір жоба — «Жасыл ойындар» — спорттық турнир мен экологиялық науқанды біріктіреді: мұнда мектеп оқушылары табиғатты тазалап, қоршаған ортаны қорғау дәрістеріне қатысады. Ал «Туған жерге қамқорлықпен» байқауы балаларға туған өлкесінің экологиялық мәселесін шешуге бағытталған жеке бастамаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектеседі.

Image 2

Бұдан басқа, «Таза Қазақстан» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап 23 сенбілік ұйымдастырылып, жас көшеттер отырғызылды. Науқанға компанияның 26 мыңнан астам қызметкері қатысты, 500 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды, 15 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Image 2

Сонымен қатар «Қазақмыс» Балқаш көлінің экожүйесін сақтау жөніндегі ауқымды бастамасын ұсынды. 2024 жылдың күзінде компания экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін 5 млн АҚШ долларын бөлетінін жариялады. 28 сәуірде Алматы қаласында министрлік пен БҰҰДБ өкілдері және эколог мамандар қатысатын дөңгелек үстел өтеді. Мұнда көлдің цифрлық егізін жасау, ластануға мониторинг жүргізетін хабар бергіш құрылғылар орнату және балық тәлімбағын салу және т.б. негізгі бастамалар іріктеледі.

Image 2

Қоршаған ортаға әсер ететін өнеркәсіптік жүктемені азайту саласында компания өндірістік процестерді газдандыруды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл парниктік газдардың шығарындыларын 20%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар отын шығынын төмендетуге бағытталған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобалары белсенді түрде енгізілуде.

Новости по теме

Новости по теме

05 Dec 2025

«Қазақмыс» әлеуметке бағдарланған Қазақстандағы ең үздік компания ретінде танылды

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды