23 Там 2023

«Жігіт сұлтаны»

Жезқазған байыту фабрикасының қызметкерлері арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті.

Image 2

Байқауға фабриканың бес қызметкері қатысты. Жарыс таныстыру кезеңінен басталып, кейіпкерлеріміз өздері, өмірлік мақсаты мен жұмысы туралы өлең жолдары арқылы айтып берді.

Image 2

Жарыстың екінші кезеңі «таланттар шеруі» байқауы болды. Онда жігіттер өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетіп, эстрадалық әндермен қатар домбыраның сүйемелдеуімен де әндер шырқады.

Image 2

«Шебердің қолы ортақ» байқауында Жезқазған байыту фабрикасының қызметкерлері «Қазақмыста» қандай жан-жақты және талантты жандар еңбек ететінін тағы да дәлелдеді. Жігіттер өз қолдарымен салған сурет пен қайыстан өрмелер өріп, ағаштан жасалған бұйымдарын да көрерменге ұсынды.

Image 2

Байқаудың соңғы кезеңі, интеллектуалды байқауда, әр қатысушы өзінің білімі мен тапқырлығын көрсете алды.

Қазылар алқасы әр қатысушының шеберлігі мен кәсібилігін жоғары бағалап, екінші ұсақтау корпусының слесарь-жөндеушісі Мусин Мұханбетрасул «Сұлтан» атағының иегері атанды. Екінші орынды бірінші ұсақтау корпусының жөндеуші слесарі Серікхан Қазкенов иеленсе, үшінші орын иегері екінші ұсақтау корпусының электр газбен дәнекерлеушісі Ықылас Ибырай болды. Тағы екі жігіт «Көрермен көзайымы» және «Дарынды жігіт» номинациялары бойынша марапаттарға ие болды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Image 2

Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі