06 Нау 2025

Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды

Жезқазғанда жаңа экологиялық жоба қолға алынды – жергілікті ЖЭО аумағында қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының (БГҚ) құрылысы басталды. Естелік капсуласын салу рәсіміне ҚР Энергетика министрлігінің, Ұлытау облысы әкімдігінің және «Қазақмыс» компаниялар Тобының өкілдері қатысты.

Image 2

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру өңірдің энергетикалық жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Отын ретінде «Сарыарқа» газ құбыры арқылы жеткізілетін табиғи газ пайдаланылады, бұл зиянды заттардың шығарылуын айтарлықтай азайтады және экологиялық жағдайды жақсартады.

Image 2

«Kazakhmys Energy» ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов бу-газ қондырғысының іске қосылуы өңірді қосымша 75 МВт қуатпен қамтамасыз етіп, энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыратынын айтты және 80-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін баяндады. Нысанды пайдаланудан түсетін жылдық салық түсімі шамамен 2,3 млрд теңгені құрайды. 

Image 2

Құрылыстың аяқталуы 2027 жылға жоспарланған. Жоба Қазақмыстың экологиялық таза технологияларға көшу және өнеркәсіптің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды