15 Жел 2023

СТЕПНОГОРСК ТҰРҒЫНДАРЫ «ҚАЗАҚМЫСҚА» ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕКТЕСКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРЕДІ

9 желтоқсанда Степногорск қаласындағы жылу желілерінде апатты жағдай орын алып, отызға тарта үй жылусыз қалды. Қаланың коммуналды сала қызметкерлеріне ірі кәсіпорындардың энергетик мамандары көмекке келді.

Бүгінгі таңда барлық көпқабатты үйлерде жылумен қамту жұмыстары қалпына келтірілді. Қалған тұрғын үйлерде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Кеше Степногорск қаласындағы жұмыстарға «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері қосылып, өткен жылы Екібастұздағы ЖЭО апатында жылумен жабдықтауды қалпына келтіруге қатысқан Жезқазған мен Балқаштан келген энергетиктердің тәжірибелі бригадаларын жіберді.

«Kazakhmys Distribution» ЖШС (Қазақмыс Дистрибьюшн) Балқаш аймақтық жылу және сумен қамту бөлімінің бас инженері Жансерік Күшкімбаев: «Арнайы қондырғы әкелдік. Жылыту радиаторларын орнату және ауыстыру үшін бригадаларды әр пәтерлерге бөлдік»

Энергетиктер бригадасы тобының жетекшісі Әшім Исанов, «Kazakhmys Distribution» ЖШС (Қазақмыс Дистрибьюшн) техникалық директоры: «Қалпына келтіру жұмыстарына «Қазақмыстан» жиырмадан астам үздік мамандар келді. Біздің компания бұл жағдайға бей-жай қарай алмады және Степногорск тұрғындарына көмекке келді»

Қазіргі уақытта пәтерлердегі батареялар ауыстырылып жатқан Степногорск қаласының №2 шағын ауданының №40 үйдің тұрғындары өздерінің ұжымдық алғыстарын білдірді.

Кәсіпорындар өздерінің авариялық-құтқару бригадаларын қажетті жабдықтармен, техникамен және жанармаймен қамтамасыз етті. Мамандар пәтерлердегі радиаторларды ауыстыру, сондай-ақ жылу жүйлерін қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

19 Dec 2024

Келіссөздерден кейін кеніштер мен зауыттағы жұмыс қалпына келтірілді