14 Сәу 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

«Қазақмыс» компаниялар тобы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жою үшін 14 арнайы ауыр техника жіберді.

4 экскаватордан, 5 шөміш тиегіштен, 4 самосвалдан және басқа да қажетті арнайы техникадан тұратын машина-көлік паркі су басудың аса қауіпті учаскелеріне жіберілді. Олар Жезқазған, Балқаш және Қарағандыда жұмыс істейтін Қазақмыс бөлімшелерінен жиналды.

Барлық техника Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың уақытша иелігіне берілетін болады.

Сондай-ақ «Қазақмыс» компаниялар тобымен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жақын арада жіберіледі.

Бұған дейін KAZ Minerals Тобы мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және Қазақстанның бірқатар өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жою үшін 800 миллион теңге бөлген болатын.

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады