23 Ақп 2024

ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ӨЗДЕРІН ТАНЫТА БІЛДІ

Новокузнецк қаласында «Академия Интеллект Кубогы» атты жылдам шахматтан өткен Ашық Бүкілресейлік жарыста «Жансая Әбдімәлік атындағы Шахмат Академиясы» командасына «Қазақмыс» қолдау көрсетті.

Image 2

Бұл швейцариялық жүйе бойынша тоғыз айналымда өткен 7 мен 13 жас аралығындағы балалардың командалық жарысы. Әр тур екі кездесуден тұрды. Біріншісінде команда капитандары қарсылас командаға бір уақытта ойын берді, ал екіншісінде стандартты матч - «қабырғадан қабырғаға» ойыны. Жарыста барлығы 26 команда өзара бақ сынасты.

Image 2

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық құрама мерзімінен бұрын, аяқталуға бір тур қалғанда лайықты бірінші орынды иеленді. Олармен бірге жеңіс тұғырына Армения (2-орын) және Қырғызстан (3-орын) құрамалары шықты.

Image 2

«Академия Интеллект жеке оқу орны, оның құрамына «Ойын» шахмат білім беру орталығы да кіреді. Бұл жобалар «СТМК» АҚ жергілікті тау-кен металлургиялық компаниясының бастамасымен және қолдауымен жасалған.

Image 2

Іссапар барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев «СТМК» АҚ бас директоры Денис Краевпен бірге турнирдің ашылу салтанатына қатысты, сондай-ақ ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу, аймақты дамыту, оның ішінде шахмат спортын дамытуға өзара келісті.

Image 2

«2024 жылдың наурыз айында біз Жезқазған қаласында Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының филиалын ашу үшін ғимаратта жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Оның ашылуы жаздың соңына жоспарланған және бұл бастама Ұлытау өңіріндегі жаңа шахмат таланттарын ашуға қызмет ететініне сенімдіміз. «СТМК» АҚ Новокузнецк қаласындағы заманауи Академияның жұмысына демеушілік жасайды және бірнеше жылдан бері шахматтың дамуына қолдау көрсетіп келеді. Өз кезегінде біздің ойыншыларымыздың нәтижелері барлық турнир қатысушыларын тәнті етіп, қазақ шахмат мектебінің деңгейінің жоғары екендігін тағы бір дәлелдеді. Екі жақтың тәжірибесінің үздіктерін енгізу арқылы біз орта мерзімді перспективада Жезқазғанды ​​әлемдік шахмат картасына шығара алатынымызға сенімдімін», - деді Нұрахмет Нұриев сұхбатында.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады