18 Қыр 2023

Астанада алғаш рет отандық геологтардың І Съезі өтті

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет Қазақстан геологтарының І Съезі өтті

Image 2

 «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның геологиялық қызметі: жай-күйі, проблемалары мен болашағы» тақырыбында өткен алқалы жиын саланың бірқатар маңызды және өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды. Көзделген негізгі мақсат – еліміздің минералды-шикізат базасын толықтыру және дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу, 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін екі есеге ұлғайту және Қазақстанның мықты өнеркәсіптік базасын қамтамасыз ету.

Съездің ашылу салтанатында сөз алған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің міндетін атқарушы Иран Шархан қоршаған орта мен еліміздің ресурстарын зерттеу барысында геология саласының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның минералды-шикізат базасы ел экономикасының ұзақ мерзімді қажеттіліктерін қамтамасыз етуі қажет екендігіне баса назар аударды.

Image 2

Іс-шараға сонымен бірге Kazakhmys Barlau Бас директоры Ғалым Нұржанов, Qazaq Geophysics компаниясының Бас директоры Бекасыл Аукешев, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Серікбек Дәукей, ҚР Минералды ресурстар академиясының өкілі Георгий Фрейман және Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтынан Герой Жолтаев қатысты.

Сөз кезегінде Ғалым Нұржанов геологиялық қауымдастықтың алдында тұрған жаңа сын-қатерлер туралы айтып берді.

«Сала алдында тұрған проблемалар бізден нақты әрі тиімді қадамдарды талап етеді. Әлбетте, мұндай мәселелер бірлесіп шешілуі тиіс. Осыған байланысты уәкілетті органдар мен бизнес-қоғамдастықты геологиялық барлауға тың серпін беру үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырамын», – деп атап өтті ол.

Image 2

Алқалы отырыстың қорытындысы бойынша британдық геологиялық қызмет, Ұлыбританияның ғылыми-зерттеу және инновациялар басқармасы мен Қазақстан Республикасының «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Маңызды құжатқа сәйкес екі тарап геология, аймақтық геологиялық зерттеулер саласында озық технологияларды енгізу бойынша әрі геологиялық деректер базасын құру саласында тәжірибе алмасып, геологиялық карталарды құрастыру жөнінде заманауи технологияларды қолдану және халықаралық озық тәжірибелерді енгізу туралы ақпаратпен бөлісетін болады.

Айта кетерлігі, жиын барысында геологиялық ғылым мен технологияларды дамытудың перспективалық бағыттары айқындалды. Сонымен бірге геологиялық барлау және цифрлық технологиялардың тұсаукесерлері, өңіраралық байланыстар мен іскерлік ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

10 Sep 2024

«Қазақмыс», ERG және «Қазцинк» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

02 Aug 2024

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ғылыми шешімдер: Қазақмыс өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр

01 Aug 2024

Қазақмыс қызметкерлері шығынсыз өндіріс әдістемесін үйренді

24 Jul 2024

Қазақмыс отандық жеке қорғаныс құралдары өндірушісін қолдады

16 Jul 2024

Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік кешен іске қосылды

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты