16 Қаз 2024

Сәтбаев қаласының жылу энергетика кәсіпорны жылыту маусымына қалай дайындалды

«Kazakhmys Distribution» ЖШС жылу энергетика кәсіпорнының №1 және №2 жылу станциялары Сәтбаев қаласының желілеріне жылу беруді бастады.

Image 2

Жүйедегі су температурасы 70 градус, бұл ағымдағы орташа тәуліктік температурадан жоғары.

Қаладағы жылу желілерінің қабілеттілігі мен жұмысының тұрақтылығын Сәтбаев қаласының жылумен жабдықтау кәсіпорыны ЖШС қамтамасыз етеді.

Негізгі агрегаттарда жөндеу жұмыстары мерзімінде жүргізілді. Ағымдағы жөндеуден төрт су жылыту қазандығы өтті. Күрделі жөндеу жұмыстары үш су жылыту қазандығы мен №2 қазандықтың газ құбырына жүргізілді. № 1 жылу станциясының түтін құбырын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жылу энергетика кәсіпорынының қоймасында жинақталған отын қоры нормативтік көрсеткіштерден жоғары. Бұл 200 мың тонна көмір мен 1000 тонна сұйық отынды құрайды. Осы отын қоры ағымдағы жылдың соңына дейін жеткілікті болады, ал жұмсалған отын көлемі қайта толтырылып отырады.

Image 2

Жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығынның жалпы көлемі 1,6 млрд теңгені құрайды.

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады