05 Қаң 2026

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті

Руслан Өскенәлі 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Woodbury University жоғары оқу орнында MBA дәрежесін алған.

Коммерциялық және өнеркәсіптік құрылымдардың басқарушылық қызметінде тәжірибеcі мол. Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы, Alstom және General Electric сынды ірі халықаралық және ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2024 жылдың наурыз айынан бастап Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор қызметін атқарып, сатып алу функциясын стратегиялық дамытумен және жабдықтау  процесін оңтайландырумен айналысты. Сондай-ақ Басқарма мүшесі ретінде компанияның жалпы басқарушылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысқан.

Жалпы алғанда, оның кәсіби жолы ірі кәсіпорындардың активтері мен операциялық қызметін басқару тәжірибесін, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтиды.

Руслан Өскенәлі тиімділіктің жоғары стандарттарына адалдығымен, корпоративтік мәдениет құндылықтарын құрметтеуімен және ұйым ішіндегі кадрлық  потенциалды дамытуға ұмтылуымен ерекшеленеді.

Новости по теме

Новости по теме

13 Feb 2026

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

11 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

11 Feb 2026

Қауіпсіздік және инвестиция: «Қазақмыс» кеніштерін дамытудың жаңа стратегиясы

09 Feb 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

05 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

04 Feb 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты