09 Қаз 2023

«Қазақмыс» Жезқазғанда жаңартылған Металлургтер алаңының эскизін ұсынды

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев пен Ұлытау облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы салынып жатқан Металлургтер алаңына барды.

Image 2

Жезқазғанның бас алаңын қайта жаңарту корпорация мен облыс әкімдігі арасында қол қойылған Ұлытау облысын дамыту жөніндегі меморандум шеңберінде жүргізілуде.

Image 2

Жүргізілетін жұмыстардың жалпы ауданы 0.7 гектарды құрайды, оның ішінде 5600 шаршы метрге жол жабыны ауыстырылуда. Жаңартылған аумаққа 30-ға жуық сирень ағаштары мен 40 жеміс ағаштары отырғызылатын болады. Сондай-ақ, алаңда құрғақ субұрқақ салынады. Аумақ жасыл желектермен қоршалып, тамшылатып суару қарастырылатын болады.

Image 2

Саябаққа 4 ойын алаңын орнату жоспарлануда, олардың екеуі облыс орталығына жеткізілді. Жобада орындықтар орнату мен жарықтандыру қарастырылған. Алаңның ортаңғы бөлігінде орнатылған ескерткіш, сондай-ақ жасыл желектің көп бөлігі сақталады.

Image 2

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриевтің айтуынша, вандализмнің алдын алу үшін алаңға бейнекамераларға арналған стендтер орнатылып, полиция пунктін орнату көзделген.

Image 2

Металлургтер алаңын қайта жаңарту ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

16 May 2025

ҚР Еңбек министрі «Қазақмыс» нысандарындағы еңбек жағдайын жақсарту шараларымен танысты

30 Apr 2025

Қазақмыс Балқаш көлін сақтау қорын іске қосады

29 Apr 2025

«JasSkills Kazakhmys 2025» чемпионатының 6 қатысушысы білім грантын иеленді

29 Apr 2025

Kazakhmys Holding жас энергетиктерге тұрғын үй салады

25 Apr 2025

Еңбек адамы және ұрпақ тәлімгері: Ғабдуманап Шаяхметов зейнетке шықты

22 Apr 2025

Қазақмыс «Таза Қазақстан» экофестивалінде экологиялық және өнеркәсіптік бастамаларын ұсынды