08 Там 2023

Дауылды Шілікті бағындырушылар

Қазақмыс қызметкерлері рафтинг бойынша экстремалды жарыстардың финалистері атанды.

Image 2

«CHILIK SPRINT RACE» рафтинг жарысы Алматыда Іле Алатауының ең ірі өзені-Шілік тау өзенінде өтті. Дауылды судан төмен түсу жарысына 9 команда, әрқайсысында 6 спортшы және бір жаттықтырушыдан қатысты. Олардың қатарында біздің батырларымыз, Алматы қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының асхана және кеңсе қызметкерлері: әкімшілік бөлімінің бастығы Святослав Нигай, жүргізуші Азамат Ерсаев, жүк тиеуші Тұрар Барат, коммерциялық менеджер Асылжан Қарғабаев, аспазшы-бригадир Роман Чавычалов және аспаз Дархан Есполат бар.

Image 2

Экстремалды жарыстар тау өзенінің бойында жылдамдыққа арналған қысқа жарыстардан тұрды, командалар бірнеше рет әртүрлі позициялардан бастады. Біздің рафтерлер барлық қарсыластарын жеңіп, турнирдің финалына өтіп, жоғары дәрежелі көрсеткіш көрсетіп, құрметті екінші орынға ие болды.

Біздің спортшыларды лайықты нәтижемен құттықтаймыз!

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

19 Apr 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

18 Apr 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

14 Apr 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!