27 Қар 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған топтық апатқа байланысты «Қазақмыс» компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады.

Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік ереже бұзушылықтарды, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған. Кәсіпорындардың жұмысын тоқтату барлық ереже бұзушылықтар анықталып, жойылмайынша жалғасады.

Компания басшылығы тексерістің барлық кезеңі үшін тоқтатылатын шахта бригадаларына еңбекақыны толық төлеу туралы шешім қабылдады.

Комиссиялардың жұмысы аяқталып, барлық мән-жайлар нақтыланғаннан кейін тексеру нәтижелері еңбек ұжымдарына жеткізіледі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін одан әрі күшейту шаралары қабылданады.

Новости по теме

Новости по теме

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды

15 Jun 2024

ЖБФ үздік қызметкерлерін қалай құттықтады

15 Jun 2024

Ғалымдар кенді байытудың инновациялық әдістерін ұсынды

06 Jun 2024

Нұрахмет Нуриев министр Қанат Шарлапаевқа «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметі туралы айтып берді

05 Jun 2024

«Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері Владимир Жұманбаевты халықаралық іздеуге жариялау туралы