23 Там 2023

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған ЖЭО-на барды

Бірінші вице-премьер тәулік бойы негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскелерде болып қайтты.

Image 2

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС Бас директоры Темірлан Өтегенов жауап бергендей, Жезқазған ЖЭО негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 4,8 млрд теңге бөлінді.

Жезқазған ЖЭО-да №11 қазандық агрегатының ағымдағы жөндеуі толығымен орындалған. №4, №8 және №9 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №10 станция қазандық агрегатын ауыстыру жобасы ҚР энергетика министрлігінің келісімінде. №5, 6, 7 қазандық агрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары және №4 турбоагрегатты күрделі жөндеу жоспарланған. Барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес аяқталады.

Сонымен қатар, №6, 7, 8 турбоагрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. Турбина, электр және отын-көлік цехтарының жабдықтары жоспарлы режимде жұмыс істейді.

Қоймадағы көмір қоры 243267 тоннаны, мазут қоры - 1600 тоннаны құрайды.

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жалпы дайындығы шамамен 60% құрайды. 2023-2024 жылыту маусымының басында станциядағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталады.

Новости по теме

Новости по теме

10 Sep 2024

«Қазақмыс», ERG және «Қазцинк» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

02 Aug 2024

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ғылыми шешімдер: Қазақмыс өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр

01 Aug 2024

Қазақмыс қызметкерлері шығынсыз өндіріс әдістемесін үйренді

24 Jul 2024

Қазақмыс отандық жеке қорғаныс құралдары өндірушісін қолдады

16 Jul 2024

Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік кешен іске қосылды

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты