11 Ақп 2025

Президент «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Қазақмыс павильонын аралады

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» Тобының «Металлургтер үйіне» келді.

Image 2

Болашақ байытушы, «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің студенті Ерсұлтан Шақар Мемлекет басшысына мыс өндірудің ұсақтау мен байытудан бастап, балқыту мен электролизге дейінгі кезеңдері туралы айтып берді. Процестер оқыту қондырғылары арқылы көрсетілді.

Image 2

Қазір Ерсұлтан Шақар «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының 3-курс студенті. Ол оқуын аяқтаған соң кепілдік бойынша «Қазақмыс» кәсіпорнына жұмысқа қабылданады.

Айта кетейік, «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл – Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы алғашқы ауқымды іс-шара.  

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі