18 Мау 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды

Үкімет басшысын жаңа фабрикамен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев таныстырды.

Кәсіпорын Шу ауданының Шатыркөл-Жайсаң кластерінде орналасқан.

Фабриканың ресми іске қосылуы 2024 жылдың тамыз айына жоспарланған. Қазан айында кәсіпорын жобалық қуатына шығады.

Өндірісте мыс кенін байытудың ең зиянсыз технологияларының бірі қолданылады. Шаң тұту тиімділігі 99% коэффициенті құрайтын заманауи аспирация жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Cонымен қатар өнімді тасымалдау көлемін азайту арқылы жолдағы шаң айтарлықтай төмендейді. Ал жақын елді мекендер кәсіпорынның әсер ету аймағынан 20 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан.

Ерекше артықшылығы – фабриканың құрылысы кезінде топырақтың құнарлы қабаттары үйінді ретінде жиналған және жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған учаскелерді қалпына келтіруге пайдаланылады.

Байыту қалдығы судың топыраққа ағып кетуін болдырмау үшін арнайы қалдық қоймасында сақталады. Сонымен қатар жылыту мәселесінде электр қуатымен жұмыс істейтін қазандық қолданылады. Бұл – СО2 шығарындысы ең аз көрсеткішті көрсететін экологиялық таза технология.

Кез-келген кәсіпорындағы маңызды мәселелердің бірі – қауіпсіздік. Шатыркөл байыту фабрикасында жаңа өрт депосы, медициналық пункт, сондай-ақ заманауи өрт дабылы, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі қарастырылған.

Нұрахмет Нуриев Олжас Бектеновке фабрикада қолданылатын әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи технологиялық жабдықтары туралы айтып берді. Өндірістің тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейіне ықпал ету  үшін қолданысқа технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Фабрика жұмысшыларының жалпы саны 340-тан астам адамды құрайды. Кадрларды іріктеу кезінде негізінен жергілікті тұрғындарға басымдық беріледі.

Бұдан басқа Қазақмыс Жамбыл облысының әкімдігімен меморандумға қол қойып, өңірдегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске қосу міндеттемесін мойнына алды.

Бүгінгі таңда ауданда ауыз суға арналған ең терең су ұңғымасы (250 метр) бұрғыланды, көктемгі су тасқынының алдын алу үшін су бұру траншеясы салынды, ондаған шақырым автожол жөнделді және төселді, төрт кентте балаларға арналған спорт алаңдары бой көтерді.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі