10 Қаң 2024

ӨНДІРІСТЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ СХЕМАЛАР ТОҚТАТЫЛДЫ

Қаңтар айының басында «Западный» кенішіндегі №67 шахтада жүргізілген тексеру нәтижесінде «Kazakhmys Maintenance Service» ЖШС мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Қауіпсіздік департаментінің өкілдері кәсіпорынның бірқатар қызметкерлерінің жеке баю мақсатын көздеп, алдын ала сөз байласу және тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға дайындықтың қылмыстық схемаларын әшкереледі.

Бүгінгі таңда №67 шахтада шахтаның жөндеу пункттерінде де, жұмыскерлердің жеке кабинеттерінде де жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам 101 дана мөлшерінде жасырын тауарлық-материалдық құнды заттар анықталып, тәркіленді. Анықталған бұл заттар тау-кен жабдықтарын уақтылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған, бірақ учаскелердің аумағынан активтерді әкету мақсатында өндіріске жалған есептен шығарылып, кәсіпорын аумағында жасырылған. Айта кету керек, қылмыстық әрекеттер кәсіпорынға экономикалық зиян келтірумен қатар, ең алдымен техниканың сенімділігі мен тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Осы оқиға негізінде өзге кеніштерде де тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда аталып өткен схемалар Нұрқазған және Жомарт кеніштерінде де анықталды. Жалпы шығын көлемі 70 млн теңгеден асып отыр.

Тергеу жұмыстарын жалғастыру мақсатында Басқарма төрағасы Н.К. Нуриевтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Сұхбат барысында Төраға құқық қорғау органдарына да тиісті жауап дайындалып жатқанын және осы оқиғаға кінәлілердің барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде жазаланатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақмыс кәсіпорындарында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 88000808089 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз, онда әрбір қызметкер ұрлық және/немесе өндірістегі әріптестерінің ұрлыққа мәжбүрлеу фактілері бойынша шағымдарды жібере алады.

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады