16 Қаң 2026

Шу ауданында «Шатыркөл» каналы арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

Жамбыл облысының Шу ауданында «Шатыркөл» апаттық су ағызу каналы арқылы өтетін көпір қайта жаңартылып, пайдалануға берілді. Көпір Дінмұхамед Қонаев атындағы ауылдан Бірлік ауылына қарай бағытталған теміржол өткелінің жанында орналасқан.

Көпір құрылысының апатты жағдайына байланысты «Қазақмыс» корпорациясы оны жаңғырту туралы бастама көтерді. Жобаның негізгі міндеті – көлік және теміржол инфрақұрылымы аймағында автокөліктің қауіпсіз әрі тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету. Жұмыстың жалпы құны 360 млн теңгені құрады. Жоба жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылды.

Image 2

«Біз мұндай нысандарға тек өндірістік қажеттілік ретінде емес, әлдеқайда ауқымды тұрғыдан қараймыз. Көпір аудан тұрғындары белсенді пайдаланатын жолда орналасқан, сондықтан оның жағдайын бағалау кезінде басты назар адамдардың қауіпсіздігіне және инфрақұрылымдық тәуекелдерді азайтуға аударылды», – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директор Сәкен Шаяхметов.

Бастапқы кезеңде көпір «Шатыркөл» кенішінің өндірістік логистикасы үшін пайдаланылып, Бірлік теміржол станциясына жүк тасымалдаған.

Image 2

Кейін өндірістік логистика оңтайландырылды. «Шатыркөл» байыту фабрикасы іске қосылғаннан кейін шикізат тікелей кен орнының өзінде өңделетін болды. Қазіргі кезде көпір арқылы тек дайын концентрат тасымалданады. Жол қозғалысының қарқыны айтарлықтай азайды.

Өнеркәсіптік жүктеменің азайғанына қарамастан, көпір қоғамдық маңызын сақтап қалды. Ол жақын маңдағы елді мекен тұрғындары мен транзиттік автокөлік құралдары үшін қолданылады. Сондай-ақ бұл нысан теміржол өткелі маңындағы негізгі көлік торабының бірі болып қала береді.

Image 2

Құрылысты қайта жаңғырту көлік қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, көпірдің сенімділігін қамтамасыз етті. Оны тұрақты және ұзақ уақыт пайдалану үшін барлық жағдай жасалды.

Жобаны жүзеге асыру Қазақмыстың өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және өндірістік үдеріс пен тұрғындардың күнделікті қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген көзқарасын көрсетеді.

Новости по теме

Новости по теме

13 Feb 2026

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

11 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

11 Feb 2026

Қауіпсіздік және инвестиция: «Қазақмыс» кеніштерін дамытудың жаңа стратегиясы

09 Feb 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

05 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

04 Feb 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты