04 Шіл 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

Жезқазғанда өндірістік кәсіпорын жұмыскерлерін қорғауға қажетті өнім – респиратор шығаратын жаңа өндірістік цех жұмысын бастады. Жоба «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Ulytau Industrial Company арасындағы үш жылдық оффтейк-келісімшарт аясында іске асырылды. Негізгі тапсырыс беруші – Қазақмыс компаниясы.

Image 2

Кәсіпорынның ашылуы өңір үшін маңызды оқиға. Оның негізінде 40 жаңа жұмыс орны ашылып, Жезқазғанның өнеркәсіптік әлеуеті артты. Алдағы уақытта Ұлытау облысы аумағында және одан тыс жерде орналасқан нысандарға жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) тұрақты жеткізу тізбегін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков Ulytau Industrial Company компаниясының инвестициялық жобасы – өңірдің экономикалық әлеуетін дамыту бағытындағы нақты қадам екенін атап өтті.

«Цехтың өндірістік қуаты жылына 5 млн респираторды құрайды. Зауыттың өнімі тек жүйеқұраушы кәсіпорындар арасында сұранысқа ие болып қана қоймай, болашақта кеңінен танымал отандық брендке айналады деп үміттенеміз», – деді өңір басшысы.

Жоба отандық өндірісті дамыту және сатып алудағы қазақстандық құрамның үлесін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатқа сай. Тек негізгі позициялар бойынша Қазақмыс жыл сайын шамамен 71 млрд теңгеге сатып алу процестерін жүргізеді. Жезқазғанда жаңа кәсіпорынды іске қосу импортты алмастыру мүмкіндігін кеңейтіп, өңірде жаңа индустриялық база қалыптастыруға жол ашады.

2024 жылдың тамызында қол қойылған келісімшарт бойынша жергілікті өнімнің үлесі кемінде 69%-ды құрайтын, құны 14,5 миллионнан асатын респиратор шығару жоспарлануда.

Image 2

«Бұл жоба – Президент тапсырмасының өңірде жүзеге асып жатқанының айғағы. Біз тек тапсырыс беруші ғана емес, тұрақты сұраныс қалыптастырып, инвестордың тәуекелін азайтатын серіктеспіз. Біз үшін жұмыскерлеріміздің қауіпсіздігі Ұлытауда өндірілген сапалы құралдармен қамтамасыз етілуі маңызды. Әрине, біз кәсіпорында өндірілетін өнім түрлері тізбегінің болашақта кеңейуіне мүдделіміз», – деп атап өтті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев.

Жаңа цех заманауи құралдармен жабдықталған, өндірістік және санитарлық талапқа сай. Өнім салалық стандарттарды ескере отырып өндіріледі. Сапа бақылауы барлық кезеңде жүзеге асырылады.

Маңыздысы, өнім нақты факті мен мерзімге негізделіп жеткізіледі. Бұл тұрақты ынтымақтастықты қамтамасыз етіп, жұмыскерлерімізді қорғаныс құралдарымен үздіксіз қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Жоба жергілікті атқарушы органдар мен бизнестің және өндірістік серіктестің өзара әрекет етуінің нәтижесінде жүзеге асырылды. Бұл өңірдегі нақты бастамалардың экономикаға, жұмыспен қамтуға және өндірістік қауіпсіздікке айтарлықтай ықпал ете алатынын көрсетті.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі