31 Қаң 2025

Қазақмыс техникалық селеннің алғашқы партиясын жөнелтті

СТ-1 маркалы техникалық селен Балқаш қаласындағы «Қазақмыс Прогресс» ЖШС селен тазарту және шлак өңдеу цехында өндірілді. Бұл – Қазақстанда алғаш рет бірегей вакуумдық дистилляция әдісі қолданылған өнеркәсіптік өндіріс. Жаңа технология селеннің әлемдік нарықтағы бағасының қосылған құнын 30%-дан 97%-ға дейін арттырды. Алғашқы жөнелтілім 100 тоннаны құрады, ал өнімдегі селеннің мөлшері шамамен 99,5% болды.

Image 2

Вакуумдық дистилляция әдісі селенді реагент қолданбай жоғары дәрежеде тазартуға мүмкіндік береді, сәйкесінше процесті экологиялық қауіпсіз етеді. Технологияны Satbayev University Металлургия және байыту институтының ғалымдары әзірледі. Осылайша бірегей қондырғы қолданысқа енгізіліп, түсті металдардың әлемдік нарығының талабына сай өнім өндіруге жол ашылды.

Image 2

Жобаның тарихы 2017-2018 жылдары «Қазақмыс Прогресс» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының (БМЗ) бағалы металдар цехындағы тазарту учаскесінің газ тазарту жүйесін жаңғыртудан басталды. Бұл тазартылмаған селен өндірісін жылына 60 тоннадан 100 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беріп, оны тазартуды экономикалық тұрғыдан тиімді етті.

Image 2

Бағалы металдар өндірісінің қосалқы өнімі болып табылатын тазартылмаған селенді тазарту жобасын іске асыру 2020 жылы Балқаш өндірістік алаңында басталды. 2022 жылы жаңа өндірістік учаске іске қосылды, ал 2023 жылы өнеркәсіпте пайдаланыла басталды.

Image 2

Қазіргі уақытта селен күн батареяларында, көшіру аппараттарында, шыны, керамика өндіруде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Балқаштағы жаңа өндірістің іске қосылуы Қазақстан мен «Қазақмыс» компаниясының түсті металдардың әлемдік нарығындағы экономикалық позицияларын нығайтуға жаңа мүмкіндік береді.

Новости по теме

Новости по теме

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам

12 Mar 2025

Жорамалға қарсы фактілер: Қазақмыстың ресми ұстанымы

06 Mar 2025

Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды

06 Mar 2025

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның сирек кездесетін жер металдарының шығарылуы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдемесі

05 Mar 2025

Қазақмыс қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық несиесін өтеп берді

04 Mar 2025

Қазақмыс кен орындарын сатып жатқан жоқ