06 Нау 2025

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның сирек кездесетін жер металдарының шығарылуы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдемесі

БАҚ-та химиялық талдау жасамай кен мен мыс концентратын шығару және сирек кездесетін жер металдарының құрамын жасыру фактілері туралы ақпараттың жариялануына байланысты «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС түсініктеме беруді және осыған қатысты мәлімдемені теріске шығаруды жөн деп санайды.

1. Қазақмыстың өндірістік саясаты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС негізгі өнімдері:

- катодты мыс,

- тазартылған алтын және күміс,

- күкірт қышқылы.

Корпорация өндіріс орындарында кен мен концентратты өңдеуге басымдық береді. Өңделетін барлық шикізат белгіленген нормативке сай болады және өндірістің барлық кезеңінде қатаң бақылауға алынады.

 

2. Концентраттарды экспорттау рәсімі және құрамын бақылау

Мыс концентратын экспорттау қажет болған жағдайда шикізат халықаралық деңгейдегі тәуелсіз зертханаларда міндетті түрде толық химиялық талдаудан өтеді. Атап айтқанда, мұндай талдаулар зертханалық зерттеулер мен сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – SGS Қазақстанда жүргізіледі.

Бұған қоса экспорттау тәртібі қатаң мемлекеттік бақылауға алынған. Оған:

- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде міндетті лицензиялау;

- экспортталатын шикізаттың құрамын жасыруға жол бермейтін кеден заңнамасының барлық талаптарын орындау кіреді.

 

3. Сирек металдарды өндіру және өңдеу

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сирек кездесетін жер металдарын өндірумен мақсатты түрде айналыспайды. Сирек кездесетін металдардың мардымсыз мөлшері күкірт қышқылы мен қымбат металдар өндірісінің қалдығы – шайынды қышқылынан алынады.

Күкірт қышқылы өндірісінің қалдықтары мемлекеттік кәсіпорын «Жезқазғансирекмет» РМК-нда өңделеді, ол сирек металдарды бөлу және аффинаждау жұмысын заңнамалық талаптарға сай жүргізеді. Қымбат металдар өндірісінің қалдықтары жаңадан құрылған «Қазақмыс Прогресс» ЖШС-да өңделеді, бұл кәсіпорын аффинаждаумен айналысады. Аталған кәсіпорын ел ішіндегі шикізатты терең өңдеу мен технологиялық қайта өңдеу деңгейін көтеруге маңызды қадам жасауда. «Қазақмыс Прогресс» ЖШС-ын құру компанияның металлургиялық базасын дамыту және шетелдік қайта өңдеу қуаттарынан тәуелділікті азайту бағытындағы стратегиялық жоспарының бөлігі болып табылады. Бұл тек өнімнің қосымша құнын арттырып қана қоймай, әлемдік қымбат және сирек металдар нарығында Қазақстанның тәуелсіз ойыншы ретіндегі орнын нығайтады. Мысал ретінде техникалық селен өндірісін айтуға болады. Вакуумдық дистилляция технологиясы әлем бойынша бірегей және оны Satbayev University-дегі қазақстандық ғалымдар ойлап тапты. Осы технологияның арқасында селеннің қосымша құны әлемдік нарықта 30%-дан 97%-ға дейін артты.

 

4. Ашықтықты және заңнамаға сәйкестікті қамтамасыз ету

Қазақмыс өз қызметінде әрқашан ашықтық қағидаттарын берік ұстанады. Компанияның барлық операциялары уәкілетті органдардың қатаң бақылауынан өтеді. Біз минералды шикізат экспортына мемлекеттік бақылауды күшейту бастамасын толығымен қолдаймыз және бұл мәселе бойынша мемлекеттік органдармен ашық диалогқа дайынбыз.

 

5. Қорытынды

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның барлық қызметі ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Сирек кездесетін жер металдарының құрамын жасыру, сондай-ақ экспортталатын шикізат құнын жасанды түрде төмендету туралы мәлімдемелер негізсіз және шындыққа жанаспайды.

Сонымен қатар «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС барлық мемлекеттік органдармен және заң шығарушы билік өкілдерімен ынтымақтастыққа ашық екенін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерудің кез келген түрін жүргізу үшін жағдай жасауға дайын екенін мәлімдейді.

Новости по теме

Новости по теме

22 Apr 2025

Қазақмыс «Таза Қазақстан» экофестивалінде экологиялық және өнеркәсіптік бастамаларын ұсынды

15 Apr 2025

Қазақмыс пен Colorado School of Mines ынтымақтастық болашағын талқылады

03 Apr 2025

Қазақмыс басқару құрылымын трансформациялайды және басшылық құрам санын қысқартады

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды