19 Мау 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

2025 жылғы 17 ақпанда «Жомарт» кенішінде қайғылы оқиға орын алды. Біз жолдастарымыздан, әріптестерімізден айырылдық. Орны толмас қайғы кеніш ұжымына ғана емес, тұтас компанияға ауыр соққы болды.

«Қазақмыс» корпорациясының атынан және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз. Өкінішті оқиға қауіпті өндірістегі күнделікті жұмыс пен апаттың шекарасы бір-біріне қаншалықты жақын екенін көрсетті.

Біз жауапкершіліктен жалтармаймыз. Әрбір қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің тікелей міндетіміз және абыройлы борышымыз. Оқыс оқиғадан сабақ алуға міндеттіміз және оның қайталанбауы үшін бар күшімізді салуға тиіспіз.

Сондықтан қайғылы оқиғаның алғашқы күнінен бастап, апаттың салдарын жою және өндірістік жұмысты қауіпсіз жағдайда қайта бастау үшін ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілді. Біз ғылымның жетістігіне, үздік мамандардың тәжірибесіне және осы оқиғаға бейжай қарамайтын жандардың ортақ күшіне сүйенеміз.

Бұл жұмысқа жетекші ғылыми және инженерлік ұйымдар жұмылдырылды, кешенді зерттеу жүргізіліп, мониторинг пен бақылау жүйелері енгізілді, мемлекеттік қадағалау органдарымен келісілген техникалық шешім әзірленді. Ғылыми-зерттеу орталықтары, техникалық және сараптамалық ұйымдар мен компаниямыздың жұмыскерлері бірігіп атқарған тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде «Жомарт» кенішінде өндірісті қайта бастауға ресми түрде рұқсат берілді. Аталған шешім кенжарлардың жағдайы, қауіпсіздік деңгейі және қызметкерлердің дайындығы жан-жақты сараланған соң қабылданды.

Ерекше атап көрсетейін: ешқандай өндірістік жоспар адам өмірінен қымбат емес. Егер қауіпсіздікке қатысты қандай да бір күмән туса – жұмысты дереу тоқтатып, тәуекел туралы хабарлап, қауіптің алдын алу қажет. Әр қызметкердің пікір білдіруге құқы бар және ол өз құқығын қолдануы тиіс.

Senim (бұрынғы атауы — SpeakUp) кері байланыс жүйесі өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жүйе мәселені ашық айтуға мүмкіндік береді. Біздің ұстаным өзгермейді: тәуекел міндетті түрде айтылуы және дереу жойылуы тиіс.  

Біз өмірге, бір-бірімізге және өз кәсібімізге құрметпен қарағанда ғана алға жылжимыз. Компаниямыздың әрбір жұмыскеріне сабырлық танытқаны үшін, ерен еңбегі мен ортақ құндылықтарға деген адалдығы үшін алғыс білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда біз қиындықты бірге еңсеріп келеміз және 16 маусымнан бастап үлкен жауапкершілікпен, әрқайсыңызға деген қамқорлықпен «Жомарт» кенішіндегі жұмысты қайта бастадық.

Құрметпен,

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС

Басқарма Төрағасы

Нұрахмет Нуриев

 

 

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады