14 Там 2023

«Қазақмыс» компаниялар тобының кеніштеріндегі жұмыстарды тоқтата тұру туралы

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін «Қазақмыс» басшылығының өкілдері жұмыстарды тоқтата тұру туралы жариялаған мердігер ұйымдардың қызметкерлерімен және шахтерлермен туындаған мәселелерді шешу үшін шахтаға түсті. Кездесу нәтижесінде тараптар келісімге келді.

Қызметкерлердің сұрақтарының бір бөлігі сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды. Көтерілген мәселелердің екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оларды жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайтын болады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша кәсіпорындарда жұмыстар жалғастырылды. Шараға қатысқан жұмыскерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.

Новости по теме

Новости по теме

16 May 2025

ҚР Еңбек министрі «Қазақмыс» нысандарындағы еңбек жағдайын жақсарту шараларымен танысты

30 Apr 2025

Қазақмыс Балқаш көлін сақтау қорын іске қосады

29 Apr 2025

«JasSkills Kazakhmys 2025» чемпионатының 6 қатысушысы білім грантын иеленді

29 Apr 2025

Kazakhmys Holding жас энергетиктерге тұрғын үй салады

25 Apr 2025

Еңбек адамы және ұрпақ тәлімгері: Ғабдуманап Шаяхметов зейнетке шықты

22 Apr 2025

Қазақмыс «Таза Қазақстан» экофестивалінде экологиялық және өнеркәсіптік бастамаларын ұсынды